Директор блогы

Қабылдау уақыты: сәрсенбі, 16.00-18.00

Закарьянова Лайля Лухмановна

Задать вопрос
Бас  /  Жаңалықтар  /  Медицина қызметкері мамандығы ең ізгілікті және игілікті мамандықтардың бірі. Дәрігерлерге адам өмірі үшін үлкен жауапкершілік жүктелген!

Медицина қызметкері мамандығы ең ізгілікті және игілікті мамандықтардың бірі. Дәрігерлерге адам өмірі үшін үлкен жауапкершілік жүктелген!

16.06.2021
Медицина қызметкері мамандығы ең ізгілікті және игілікті мамандықтардың бірі. Дәрігерлерге адам өмірі үшін үлкен жауапкершілік жүктелген! Жылдың басты оқиғасы «Медицина қызметкерлері күні» қарсаңында біз «Кардиология» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана» МКК Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі Гулнур Закарияновна Нуриевамен қызықты әңгіме өткіздік.
  1. Гулнур Закарияновна, сәлеметсіз бе,  айтыңызшы, дәрігер мамандығын Сіз қалай таңдадыңыз?
- Ең қажетті мамандықтардың бірін таңдауда менің анам маңызды рөл атқарды,ол менің дәрігер болғанымды қалады және мектепті үздік аяқтаған соң Семей медициналық институтына түстім және институтта оқып жүргенде ғана таңдауымның дұрыс болғанын түсіндім.
2. Сіз бала кезіңізден дәрігер болуды армандадыңыз ба? Сіздің ата-анаңыз дәрігерлік қызмет атқарды ма?
- Мен бала кезімнен дәрігер болуды армандадым деп айта алмаймын, бірақ бала кезімнен анам әрдайым дәрігерліктің қандай құрметті және беделді мамандық екенін және мен бұл мамандықты міндетті түрде меңгеруім керек екенін айтты, алайда ол кезде отбасымызда дәрігерлер болмады, әкемнің экономикалық білімі бар, ал анам поштада жұмыс істеді.
3. Өз қызметіңіз туралы айтып берсеңіз:
- 1994 жылы медициналық институтты педиатрия мамандығы бойынша тәмамдаған соң, мен өзімнің кәсіби жолымды Қалалық балалар ауруханасының пульмонология бөлімшесіндегі стационардан бастадым, дәл сол жерде тәулік бойы жұмыс істей жүріп, үлкен тәжірибе жинадым, стационардағы жұмысты кездейсоқ таңдаған жоқпын, өйткені оның базасында педиатрия кафедрасы болды, түрлі конференцияларға, консилиумдарға қатыстым. Содан кейін 2003 жылы қайта даярлаудан өтіп,  ең қиын және қызықты мамандық - балалар кардиологы мамандығын таңдадым, кейін 2017 жылы Денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп, Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесін басқарамын.
6. Сіз біраз жылдар бойы Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі болып келесіз. Бөлімшенің негізгі міндеттері туралы айтып беріңізші?
- Бөлімшенің негізгі міндеттері:
- алдын алу және скринингтік бағдарламаларды іске асыру;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен сабақтастықты ұйымдастыру;
- аурулардың қауіп факторлары бар тұлғаларды және науқастарды алдын алу әдістеріне оқытуды жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- аурулардың қауіпті факторлары бар тұлғаларды және науқастарды алдын алу әдістеріне оқытуды жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- бейіндер бойынша денсаулық мектептерінің, жастар денсаулық орталығының қызметін ұйымдастыру;
- аурулардың созылмалы түрлері бар адамдарға тұрақты негізде патронаж жүргізу, халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
- статистикалық есеп пен есептілікті жүргізу, статистикалық деректерді талдау.
 
7.  Бөлімшені басқару қиындық туғызады ма?
- Адамдарға деген жақсы көру, жауапкершілік сезімі, тәртіптілік сияқты қасиеттер бойыңызда болса, өз біліміңізге деген  сенімділік, мол тәжірибеге сүйенетін болсаңыз, бөлімше басқаруда  қиындық туындамайды.
8. Еңбектік қызметіңізде қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?
  - Әр пациентке жеке көзқарас таныту қиын, өйткені балалар ерекше қарым-қатынасты талап етеді. Пациенттер туралы үнемі ойлап отыруға тура келеді, ешқандай жағдайда демалуға болмайды.
9. Еңбек жолында есте қалған қызықты сәттер болды ма?
- Қызықты сәттер - бұл өз іс-әрекетінің нәтижесін көру, қиын жағдайлар болады, бірақ біз балаға көмекке әрдайым келеміз, ал ата-аналардың алғысы - бұл біздің жұмысымыздағы ең жоғарғы баға.
 
10. Сіз өз жұмысыңызды жақсы көресіз бе?
 
- Иә, мен өз жұмысымды жақсы көремін, маған дәл осы іспен айналысқаным ұнайды.  
 
11. Сіздің ойыңызша, дәрігердің қандай қасиеттері болуы керек?
- Дәрігер жауапкершілік, талдай білу және  шешім қабылдау, стресске төзімділік, ұқыптылық, жанашырлық, шыдамдылық сияқты қабілеттерге ие  болу қажет.
 
12.Сіз жас дәрігерлерге қандай кеңес бере аласыз?
- Дәрігер тек мамандық қана емес, өміріңіздің бір бөлшегі іспетті. Сондықтан әрдайым көмекке келуге дайын болыңыз: күндіз де, түнде де. Ең алдымен, науқас туралы, оның өмірін қалай сақтау керектігі туралы ойланыңыз. Әрқашан сабырлы болыңыз, өзіңізді ұстаңыз және өз жұмысыңызды адал орындаңыз. Жаңадан туындаған аурулар жаңа білімді қажет ететіндіктен, заманауи емдеу әдістерін қолдануды үздіксіз үйреніңіз.
Гулнур Закарияновна, Сізге қызықты сұхбатыңыз үшін үлкен рахмет! Сіздерді Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Кәсібилігіңіз, түсіністігіңіз, назарыңыз, мейірімділігіңіз үшін рахмет.
Назад

Мы рассматриваем Вас как единое целое: Ваши мысли, чувства и тело!

Бірыңғай байланыс орталығы, тел: 109

Абылай хан даңғылы 1
тіркеу орны тел: 27-44-98, 27-45-17

Тәуелсіздік даңғылы,11/2 (картадан)
тіркеу орны тел: 36-10-75, 36-11-07

Разработано в SmartSite