Директор блогы

Қабылдау уақыты: сәрсенбі, 16.00-18.00

Закарьянова Лайля Лухмановна

Задать вопрос
Бас  /  Жаңалықтар  /  1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні

1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні

01.12.2022
АИТВ- адамның иммун тапшылығы вирусы. Бұл ауру - адамның иммун тапшылығы вирусынан туындайтын баяу дамитын ауру. Адамның иммундық жүйесін бұза отырып,басқа жұқпалы аурулардың дамуына әсер етеді. Бұл аурудың негізгі 3 жұғу жолдары бар: науқастың қанымен байланыста болған кезде, жыныстық қатынас кезінде, ауруды жұқтырған әйел баласын емізген кезде.
‼️АИТВ-ны жұқтырған кезде адамдардың көпшілігі ешқандай симптомдарды байқамайды. Инфекциядан кейін де көп жылдар бойы адам өзін сау сезінуі мүмкін. Бұл кезең аурудың жасырын сатысы деп аталады.
Бұл ауруды көбінесе инъекциялық есірткіні пайдаланушы нашақорлар, олардың жыныстық серіктестері, бейберекет жыныстық қатынасқа түсетіндер,донорларды,қан құюды немесе органдарды трансплантациялауды қажет ететіндер,венерологиялық ауруларға шалдыққандар жұқтырады. ‼️Ауруды қалай анықтайды? Тек қана АИТВ-ға тестілеу: қан анализі арқылы ғана біле алады.
ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) - бұл АИТВ-мен зақымдалғаннан кейін иммундық жүйенің жеткіліксіздігінен пайда болған аурулардың жиналуы,яғни АИТВ-ның асқынған түрі.
Бұл дерттен сақтанудың,алдын алудың жолдары: қорғалмаған,бейберекет жыныстық қатынастан бас тарту;
Есірткіні, залалсыздандырылмаған ортақ шприцтерді қолданбау;
АИТВ инфекциясына анализ тапсырып, өзін бақылауда ұстау.
Назад

Мы рассматриваем Вас как единое целое: Ваши мысли, чувства и тело!

Бірыңғай байланыс орталығы, тел: 109

Абылай хан даңғылы 1
тіркеу орны тел: 27-44-98, 27-45-17

Тәуелсіздік даңғылы,11/2 (картадан)
тіркеу орны тел: 36-10-75, 36-11-07, 8.7084253914

Разработано в SmartSite