Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Жаңалықтар
Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі — 8 НАУРЫЗ келді ортамызға!
 Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйсе құлай сүйетін, нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер, мерекелеріңіз құтты болсын!
 Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін! Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар, дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар. Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
Сеніммен №13 қалалық емхана ұжымы!
 
11.05.2017
ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана» КМК негізінде 2017 жылдың 5 мамыр күні «Отан қорғаушылар күніне» және «Жеңіс күніне» арналға мерекелік іс-шара өткізілді.
05.05.2017
Бүгінгі күні мейіргер МСАК деңгейінде және денсаулық сақтау жүйесінде халық үшін кеңесші, тренер ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл мейіргердің сіресіп қалған жұмыстың үлкен бөлігін жасағанынан. Ол профилактикалыұ жұмыспен айналысады, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді, халықты хабардар етеді және салауатты өмір салтын насихаттайды, емделушіні қарау шеңберінде қызметтер жүзеге асырады. «Дүниежүзілік халықаралық медицина қызметкерлер күнін» мерекелеу қарсаңында халық денсаулығы және «Демеу» денсаулық орталығының гүлденуі үшін еңбектенетін мейіргерлер туралы айтып бергіміз келеді.
02.05.2017
29 сәуір «Демеу» Орталығында биылғы жылға екінші рет – жалпы қалалық сенбілік өтті.
24.04.2017
Қазақстандағы иммундау апталығы
19.04.2017
2017 жыл 18 сәуір «Демеу» Орталығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жөніндегі мобильдік топ келді.
18.04.2017
Өткен сенбіде «Демеу» Орталығында алғашқы көктемгі сенбілік өтті.
14.04.2017
Құрметті науқастар ! Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу жөніндегі ақпараттық- түсіндірме жұмыстар шеңберінде 2017 жылдың 5 сәуір – 1 шілде аралығында «Емханаға тіркел – МӘМС жүйесінде өз беделіңді анықта!» науқаны жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген кезеңде МӘМС қатысты барлық сұрақтар бойынша жүгіне аласыз.
03.04.2017
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы МКК 2017 жылдың 27 ақпанынан 27 наурызға дейін уақытша тіркеу процедурасын өткен алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету халықты қамтумен медициналық ұйымдарға қосымша тұрғындардың тіркеу кампаниясын өткізетіні жайлы хабарлайды.
03.04.2017
Жұмысқа қабылдауға хабарландыру
24.03.2017
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы МКК ұйымының қызметкерлері Наурыз мерекесіне орай қаныққан театрланған бағдарлама ұйымдастырды.
17.03.2017
Дәрігер оңалтушы-физиотерапевт Жандаев Ж.К. Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, 2016ж. Іле Алатау тауларына спорттық-туристік жорықтың қатысушысы болды. Бұл туралы толығырақ біздің мақалада ...
16.03.2017
Астана қаласы әкімдігінің «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығында 16.03.2017 ж. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күні шеңберінде және туберкулез профилактикасы айлығы аясында «Туберкулез. Ескерту шаралары» атты «Ашық есік күні» өтті.
14.03.2017
7 наурыз үлкен конферент залда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған салтанатты жиын өтті. Ерлер ұжымы «Демеу» Орталығының әйелдер қауымына мерекелік шоу ұйымдастырды. Орталықтың бұрынғы ер қызметкерлері біздің сұлуларға қызықты да, көңілді көріністер дайындағандары көңілді көтерді.
14.03.2017
2017 жылдың 15 ақпан күні Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№2 Қалалық балалар емханасы» МКК негізінде Шаихова Алия Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде Ұлттық бюро Департаменті маманымен, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Демеу» отбасылық медициналық оқу-тәжірибелік орталығы» МКК қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.
27.02.2017
21 ақпан Астана қаласы №27 мектеп негізінде 7-ші сынып оқушыларына арналған алдын-алу әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімімен «Балалар семіздігінің алдын алу» тақырыбына семинар өтті.
20.02.2017
17 ақпан «Алау» мұз сарайында 2017-2019 жылға арналған ҚР денсаулық сақтауды дамыту «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қ. медициналық ұйымдар арасында Спартакиада – 2017 ашылу салтана өтті.
1234567891011
12
131415161718
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться