Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Біз  / Көрсеткіштер
Көрсеткіштер
2009 жыл бойынша «Демеу» ОМ ОТО МКҚК қызметі туралы талдау есептеме (құжатты жүктеу)
2011 жыл бойынша «Демеу» ОМ ОТО МКҚК қызметі туралы талдау есептеме (құжатты жүктеу)
2012 жыл бойынша «Демеу» ОМ ОТО МКҚК қызметі туралы талдау есептеме (құжатты жүктеу)
2013-2014 жыл бойынша «Демеу» ОМ ОТО МКҚК қызметі туралы талдау есептеме (кұжатты жүктеу)

2015 жыл бойынша «Демеу» ОМ ОТО МКҚК қызметі туралы талдау есептеме (құжатты жүктеу)
2016 жыл бойынша «Демеу» ОМ ОТО МКҚК қызметі туралы талдау есептеме (құжатты жүктеу)



Қорытынды:
 
Емхананың  қолайлы имиджіне қол жеткізу үшін  2016 жылдың соңына дейін өзіміздің барлық күшімізді Мемлекеттік бағдарлама аясындағы келесі басымдылық бағыттарына бағыттаймыз:
 
1) кадрлық ресурстарды  нығайтуды  және дамытуды жалғастыру;
2) тұрғындарда өз денсаулығына, дұрыс тамақтану дағдысы мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуне ортақ жауапкершілікті қалыптастыруға арналған іс-шараларды жалғастыру;
3) отбасы қағидаты жөніндегі жұмысқа БМСК медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін көтеру;
4) амбулаториялық науқастардың электрондық медициналық карталарын жүргізуді одан әрі жетілдіру;
5) ана мен бала өлімін, қан айналым жүйесінің ауруларынан, онкологиялық сырқаттардан өлімді, жарақаттанушылық және туберкулезді төмендету бойынша іс-шараларды жалғастыру.
6) қант диабеті мен қан айналым жүйесінің аурулары бар науқастарының уақытылы диагностика мен тиімді жіті бақытау;
7) Ұлттық скрининг бағдарламаларын 100%  өткізу;
 
8) ерте бастан қатерлі ісікті диагностикалау мен уақытылы өкпе туберкулезін айқындауда  денсаулық сақтаудың алғашқы топ рөлін күшейту.
Астана қ. бойынша 2016 жылдың  IV тоқсанына амбулаториялық-
емханалық көмек көрсететін ШЖҚ «Демеу» ОМОТО МКК орталығының қызметін бағалау жөніндегі  сауалнама қорытынды талдауы.
 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірінің м.а.  2011 жылғы 22 шілдедегі «Көрсетілетін медициналық көмек деңгейі және сапасына қанағаттанушылық дәрежесін анықтау мақсатында азаматтарға сауалнама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 468 бұйрыққа сәйкес ШЖҚ «Демеу» ОМОТО МКК тоқсан сайын ұйымның қызметін бағалау бойынша сауалнама жүргізеді. 
Емделушілердің медициналық көмек сапасымен көтеріңкі  қанағаттанушылығы әрбір медициналық мекеме алдында маңызды міндет  болып табылады. Бүгінгі күні медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруда жаңа тәсілдер табу жағдайында, емделушілер көзқарасы отбасылық медициналық орталық қызметінің кешенді бағалауда  белгінің бірі болуы мүмкін.
 Көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттанушылықты зерттеу нәтижесі жағымды және жағымсыз белалыстарды дәл көрсетеді, емделушілердің медициналық қызметпен қанағаттанушылығын төмендететін факторларды  анықтауға мүмкіндік береді. Бұл түзуту шараларын  заманауи қабылдауға мүмкіндік береді және мекеме басшылығымен шешім қабылдауда обьективті негіз болып табылады.
Осы зерттеудің мақсаты көрсетілетін қызмет көрсету жөнінде белгіленген іріктемесіз емделушілердің пікірін зерделеу.
Зерттеудің обьектісі 2016 жылдың IV тоқсаныңдағы кеңес/ ем алушы 10 жастан жоғары емделушілер болды және олар зерттеуге қатысуға өз еріктерімен ақпараттық келісім берді. Статистикалық материалдарды жинау үздіксіз ақпарат жинау тәсілі және қабылдау кезегін күтіп отырған емделушілерді сауалнамалау арқылы жүргізілді.
Материалдарды жинау барысында  тоқсан сайын 30 сауалнама толтырылды, тексерілгеннен кейін барлық сауалнамалар талдауға енгізілді.
Сұралған сұхбаткерлердің көпшілігі 18-39 жас аралығындағы еркін таңдау құқығы бойынша «Демеу» Орталығын таңдаған жұмыс істейтін адамдар. Сұхбеткерлердің 70% күтпейді немесе тіркеу бөлімінде өз кезегін күту 15 минуттан артық уақытты құрайды. Отбасылық дәрігер қабылдау кезегі жағдайы туралы сипаттайтын болсақ мынадай шешімге келуге болады: тек емделушілердің 47% қабылдауды 15 минуттан артық күтеді, 37% емделушілерге өз кезегін  жарты сағаттан 45 минутқа дейін күтуге тура келеді. Сондай-ақ шақыртьуға келесі күні келу немесе келмеу бойынша бұзушылық орын алған жоқ. Емделушілердің 75% толық қанағаттанбағаны туралы жауап берді, бұл дерек ескерілді.  Сұхбаткерлердің 93% «Демеу» Орталығына жүгінгеніне және медициналық көрсетіген көмек нәтижесімен ырға болдық деп дауап берді.
Диаграммада емделушілердің медициналық көмек сапасын бағалауы көрсетілген.

\"\"

БМСК-те мейіргерлермен медициналық-әлеуметтік көмек көрсету бойынша  әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу мәліметтері төменде көрсетілген
 
ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛНАМА ТАЛДАУЫ
 
Мақсаты: тұрғындарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуде мейіргерлердің көзқарасын зерттеу.
 
САПАЛЫҚ ТАЛДАМА
 
    Әлеуметік зерттеу әдісі мынада көрсетіледі: сауалнама анкетаның көмегі арқылы жүргізілді. Сауалнама өз құрылымы бойынша ашық және жабық сұрақтардын тұрды. (№1 Қосымшада).
    Сауалнама нәтижесінің сандық анализ №2 кестеде көрсетілген (№1 Қосымшада).
           Әлеуметік зерттеу жүргізу барысында 23 сұхбаткер (патронаждық мейіргер) сұралды.
1.      Оның ішінде  
3,3 % -ер адам;
96,7% - әйел адам.
2.      Ерлердің жас құрылымы:
      100% - 20-21 жас
    Әйелдердің жас құрылымы:
     50% -19-27 жас
     21% - 28-37 жас
     16% - 38-47 жас
     12% -48-57 жас       
     1% - 58 жас және жоғары.
Нәтижеде сұралған сұхбаткерлер арасындағы көпшілігі жас тұлғалар (50%).
Медициналық-әлеуметік зерттеу мәртебесі келесі қалыпта бөлінеді:
Ерлерде :                                                        Әйелдерде :
Мейіргер бакалавр – 0% Мейіргер бакалавр – 5%
Аға мейіргер - 0% Аға мейіргер - 3%
Жалпы тәжірибелік мейіргер  -2% Жалпы тәжірибелік мейіргер  -85  %
Мейіргер зертханашы – 0% Зертханашы  -3 %
Акушер мейіргер  – 0% Акушер - 2
Студент – 0% Студент – 2 %
Зейнеткер  – 0% Зейнеткер  – 1 %
 
Осылайша, сауалнама қорытындысы мейіргер мамандығын әдетте әйел адамдар таңдайтынын көрсетеді. (96,7) % .  Мейіргер жұмысы қызмет түрі бойынша  әртүрлі, мамандар(әйелдер)  үлесі: мейіргер бакалавр  5%, аға мейіргер  3%, студенттер 2 %, жалпы практика мейіргері  - 85%, зертханашы -3 %, акушер - 2%.
Қоғам санасында бекім қалыптасқан «мейірбике» таптаурыны «көрінбейтін» кірпіштен қабырға тұрғызды, ол жоқ болып көрінгенімен, бірақ сол уақытта мейіргерлерге өзін мансабында және тұлға болып қалыптасуына кедергі болып тұр.
Мұндай әрекет жағдайына көптеген факторлар әсер етеді,  оның ішінде мейіргердің кәсіби дамуының  мүмкіндіктерінің теңсіздіктерін ұғыну. Сұхбаткерлерге «Кәсіби дамудың мүмкіндігі бар ма?» деген сұрақ қойылған кезде  90 % оң жауап, ал қалған 10% жоқ деп жауап берді. «Өзіңізді  дәрігердің тең серіктесі ретінде сезінесіз бе? Өздігінен қабылдау жүргізу сізге ұнайды ма?» деген сұраққа, жауаптер келесі түрде бөлінді: барлық мейіргерлік іс мамандары «иа» деп жауап берді; Егер бұл сұрақты жас деңгейі негізінде талдау жасасақ жас буын және орта жастағы мамандар өздерін сенімді екенін көруге болады (№1 диаграмма).

ДИАГРАММА №1
Жауаптарды сұрақтарға бөлу:
«Кәсіби дамудың мүмкіндігі бар ма?»
\"\"
Қоғам адамның жеке басын құрметтеуді түбегейлі түсінуде, бұл мейіргерлерге  науқастардың жынысын, жасын, әлеуметтік мәртебесін, мінез ерекшеліктерін есепке ала отыра  сараланған тәсілдерді талап етеді. Денсаулық сақтау жүйесін қайта құру кәсіби қызметте тиімділігі мен нәтижелілігіне көптен көп тұлғалық әлеуметтік-психологиялық факторлар әсері көрсететін жағдай туғызды. Медицина қызметкерлерінің қолдауысыз салада реформалардың ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бұл процессте өз жұмысынан лаззат алу деңгейі, әлеуметтік және материалдық ахуал мен ұжымдағы психологиялық ахуал басты рөлді ойнайды.
 
Мейіргерлік істің медициналық-әлеуметтік заманауи сипаттамасы мен  мамандық бойынша дипломнан кейінгі оқуда педагогикалық әсер әдістерін оңтайландыруды зерттеу мақсатында құрастырылған сауалнамада сұхбаттасу түрінде 90 мейіргер сұралды. Сауалнама «Демеу» отбасылық денсаулық орталығы негізінде жүргізілді.
Сұралған мейіргерлердің 49% жасы 28 - 57 жас аралығын құрды, әрбір сегізінші мейіргер 30 жасқа толмаған, үш әйел 55 жастан жоғары. Сұралған мейіргерлердің 86,3% орта кәсіби білімді, жоғарғы білім -  бесеуінде.
Қазіргі уақытта өздігінен  97 % мейіргер  жұмыс атқарады, 2% сырттай(студенттер) оқиды.
«Сіздің ұйымда арнайы мейіргерлерге қандай да бір семинарлар,  кездесулер, конференциялар өткізіледі ма? Оларға қатысасыз ба?» деген сұраққа сұхбаткерлердің 100% «иә» деп жауап берді. «Өзіңізді жетілдіргіңіз келетін білім саласы» сұралғандардың 22% «психология» деп жауап берсе, 78 % «тұрғындарды әлеуметтік қорғау» деп жауап берді.
«Өзіңіздің жұмыстан алар әсеріңіз» сұраққа жауап беру кезінде 6 нұсқадан мейіргерлердің  99 % «жұмысымды қызықты деп табамын» деген нұсқаны таңдады. Ең аз таңдалған нұсқа «өте жоғары талапта». Осылайша, жұмысқа қойылатын жоғары талаптар қатарында, мейіргерге жқмыс орындау кезінде сапалы дайындық пен еңбекқорлыққа сүйенеді.
«Жұмыста келеңсіз жағдайлар орын алды ма? (проблемалар)» мейіргерлердің 100% жоқ деп жауап берді; Әлеуметтік бағытталған мейіргерлер адамдармен қарым-қатынаста өте абай болу қажет деп санайды, дегенмен  медициналық қызметкерлерді оқыту науқастармен берілетін ақпараттарға алғашқы сенімде негізделген.
Сабырлылық дағдылары медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметі үшін өте маңызды.
Қанағаттанарлықтай және келеңсіздіктерсіз жұмыс мейіргердің отбасыға қаншалықты әлеуметтік бағалау жүргізе алатынына байланысты. «Ерте жастағы баласы бар отбасының қажеттіліктерін анықтай аласыз ба?» 80%  бағалай алатынын айтты, 10 %  отбасының әлеуметтік ахуалын бағалау арқылы қажеттілітерін, ал 5 % материалдық қажеттіліктерін және 5 % емізетін ана қажеттіліктерін білуге болады деп жауап қатты.
Алынған мәліметтер мейіргерлердің жоғары әлеуметтік бағытталғаны туралы тезисті растайды, бір жағдайларды (мәселені емізетін ананың өзінен іздеу), ал басқасында -  тұтас амалды, яғни барлық отбасы мүшелерінің жасырын мәселелерін көреді. 
Мейіргерлерге «5» өте жоғары, «1» балл өте төмен  5 баллды шкала бойынша 15 пунктегі қасиеттерге ие болу қаншалықты маңыздылығын бағалау ұсынылды. «5» өте жоғары, «1» балл өте төмен. 
1. Ілтипатшылдық ,

2. Қайырымдылық

3. Адамдармен байланыс орната білу.
4.Қаталдық, сабырлылық
5. кәсіпқойлық
6.Адамгершілік мәдениеті
7. Әлеуметтік кеңес және қарым-қатнастағы психология негіздерін білу
8. Өзіңіздің сыни көзқарасыңызды бағалаңыз  (әлеуметтік бағытталған)
9. Ұқыпты сыртқы көрініс
10. Үлкен тәжірибелік тәжірибе
11. әзіл-оспақты түсіне білу
12.Өзіне дген сенімділік
13.Кәсіпке деген сүйіспеншілік

14. Абыройлылық

15.Жауапкершілік

100% мына пунктерді «5» баллға бағалады: 1,2,3,5,6,7,9,12,13,15
      Қазіргі заманда еңбекті өмір сапасы еңбектің тиімділігін дамытудың маңызды түрткісі болып табылады.
      Сұхбаткерлердің көп бөлгі (90%) әлеуметтік бағытталған ұжымда жұмыс істеу, мұнда үлкен назар үзіліксіз оқуға бөлінеді деп санайды және кәсіби талаптармен қатар медициналық-әлеуметтік қызмет қағидаттары негізінде шабыт пен ынталандыру алады.
Жүргізілген зерттеу негізінде келесі тұжырымға келуге болады:
Зерттелген медициналық қызметкерлер тобының негізгі құндылығы қанағаттанушылықты алып келетін, қоғаммен талап етілетін, беделге сәйкес келетін жұмыс болып табылады. Тұлға аралық қарым-қатынасты  оңтайландыру барлық атақты ғылыми еңбек орталықтарына қарағанда, еңбек өнімділігін артуын қамтамасыз етеді. Даңқ, атақ және мансаптың өмірлік құндылықтар тізімінде соңғы орында болуы сұхбаткерлердің өзін өзі төмен бағалау мен түңілушіліктің себебі болып табылады, осыған байланысты тек педагогикалық ғана емес сондай-ақ әлеуметтік күш қажет.
Демек, өмір және денсаулық сапасының субъективтік қабылдау адамның физикалық, эмоционалды және әлеуметтік ахуалының интегралдық сапасы  болып саналады, бұл  мейіргерлердің жеке басының факторы кәсіби қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігіне және реформа саласында болғып жатқанға айтарлықтай жоғары әсер етуі  туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 

 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться