Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / «Халық үшін қайырымдылық пен меценаттық» парақшасы
«Халық үшін қайырымдылық пен меценаттық» парақшасы
Қайырымдылықтың жоғарғы нысаны – адамға Даналық сыйлау, себебі бақытқа кілт беретін Ақиқат (рухани даналық)
 
Қайырымдылық мемлекеттік әлеуметтік саясат пен нарық механизмінің объективті және шарасыз кемшіліктерін түгендейтін мәнді және тиімді құралы болып табылады. Әлеуметтік саладағы ресми саясат қандай болмасын, ол қоғамның барлық мәселелерін шешуге жол бермейді.
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана»  КМК барлық қалаушыларға қиын өмір жағдайына тап болған тұлғаларға көмек көрсетуге қатысушы болуға ұсынады.
Осы парақшада біз осы қолдауды шынында қажет ететін емделушілердің барлық өмір оқиғалары және көмектескендер туралы жазамыз. Біз тағдыр тауқыметін әлсіретуге немесе өмір құндылықтарын қайта бағалауға көмектескен ғажайып жағдайлар мен оқиғалар туралы жазып береміз. Әр қалаушы моральдық, қаржы, техникалық, материалдық немесе қандай да бір басқа қолдан келерлік көмек көрсетіп, қатыса алады. 
 
Мақсаты
Қиын өмір жағдайына тап болған адамдарға көмек көрсету, позитивті рухтарын және ішкі әлеуеттерін көтеру үшін күш салуды біріктіру, пкірлестерді, демеушілерді және меценаттарды тарту. Әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды орындау және халыққа рухани және адамгершілік тәрбие беру.
 
Жұмыс бағыты
1. ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, ауғандарға, Чернобыль АЭС, Семей полигонынан зардап шеккендерге және тағы басқаларға әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмек;
 2. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға, ауруы бойынша мүгедектерге әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмек;
3. Онкологиялық аурулары, АИВ-жұқпасы, туберкулезі бар тұлғаларға, созылмалы аурулардың нысаны ауыр емделушілерге әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмек;
4. Қиын өмір жағдайына тап болған тұлғаларға әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмек;
5. Заңгер мен психологтың онлайн тәртіптемедегі кеңесі. Сұрақтарды ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана» КМК сайтында орналастыруға болады.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша әлеуметтік-психологиялық көмек қызметіне жүгіне аласыз, тел.: 27-45-18, 49-84-36 ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана» КМК әлеуметтік-психологиялық қызметі.
  Меценат болып, қайырымды болыңыз! Игілікті іс жасаңыз! Осы әлемге көп жақсылықты бергенге көп игілік пен рухани күш беріледі!


 

Емделушінің тарихтары

 

Емделуші оқиғасы: Абилова Мағаш Мырзағалықызы
Туылған күні: 01.06.1955 жыл.
3 топ мүгедегі
Абилова Мағаш балалық шағында жарақат алып, көзінен айырылған. Оған дәрігер кеңесі бойынша жыл сайын көз протезін ауыстыру қажет. 2014 жылы протездеу өз қаражат есебінен өткізілді. Бүгінгі күні Мағаш Мырзағалиқызы зейнетақы және 35 мың теңге мүгедектік бойынша жәрдемақы арқасында күн көріп, осы емшара үшін қаражаты жетпейді.
 Протездеуге қажетті сома – 100 000 – 150 000 мың теңгеден басталады.
Абилова Мағашқа жәрдем бергісі келетін адамдардан байланысуды сұраймыз.
Байланыс телефондары: 34-58-52, 8-7029236121 М.М. Абилованың
27-45-18 (ж)- ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана» КМК Әлеуметтік-психологиялық қызметі.

 



 
07.08.2020
(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ», 2, 3 - БӨЛІМ, 12, 16 - ТАРАУ, 77, 80, 134, 135 - БАП, 2020 ЖЫЛҒЫ 07 ШІЛДЕДЕГІ №360-VI)
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться