Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / «Мен ақжүректікті таңдаймын» әлеуметтік маңызы бар жоба
«Мен ақжүректікті таңдаймын» әлеуметтік маңызы бар жоба
2015 жылғы 17 сәуір күні №2 қалалық балалар ауруханасының негізінде Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Әлеуметтік-психологиялық кеңесінің отырысы өтті, онда медициналық ұйымдарға арналған «Мен ақжүректікті таңдаймын» әлеуметтік маңызы бар жоба мақұлданды және бекітілді. Жоба жалпы қалалық жоспарға енгізілді, оны «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығының директоры Абзалова Р.А. мәлімдеді. Осы жобаның Астана қаласы өңіріндегі бастапқы денсаулық сақтау деңгейінде (емханалар мен отбасылық денсаулық орталықтарында)және басқа медициналық ұйымдарда жүзеге асырылу жоспары мен мақсаты ұсынылды. Осы маңызды жобаның тікелей орындаушылары – алдын алу бөлімшелері мен әлеуметтік-психологиялық қызметтер. Іс-шаралар бойынша жасалған жұмыстар жөнінде ақпарат ай сайын есеп түрінде фотосуреттер мен бейнероликтерімен бірге, «Мен ақжүректікті таңдаймын» жобасының шеңберінде astana_demeu@mail.ru «Демеу» электрондық поштасына, Байрактар Вилена Ринатовна атына жіберіледі. Тел.: 27-45-15.
Тел.: 27-45-18, 49-84-36 – «Демеу» орталығының Әлеуметтік-психологиялық қызметінің мамандары
 Жоба мақсаты: Жобаның жалпы міндеттері:
1. Жанұяда, жұмыста және қоғамда ақжүректікті жаңғырту маңызына қоғамның назарын аудару;
2. Пайда болып жатқан мәселелерді шешудің ең жақсы әдісі ретінде тілектестік диалог мәдениетін дамыту;
3.  Ақжүректіктің қоғамда көрініс табуы туралы ақпаратты БАҚ, Интернет-ресурстар, аудио- және бейнематериал, баспа өнімдері арқылы айқындау және тарату (махаббат, қайырымдылық, жауапкершілік, құрмет, шынайы мейірімділік, ақ пейілді адамның біліммен қалай бөлісетіні туралы);
4. Ағартушылық бағдарламалар мен акцияларды ұйымдастыру, жоба бағыттары бойынша интерактивті материалдарды әзірлеу.
 
Әлеуметтік психологиялық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша «Демеу» орталығы «Мен ақжүректікті таңдаймын» жобасы бойынша ақпараттың жіберілімін жасады. Қараша-желтоқсан айларында Астана қаласында әлеуметтік жұмыс пен психология бойынша конференция өтетін болады, онда жоба қорытындысы, сондай-ақ, «Мен ақжүректікті таңдаймын» жобасының және «үздік психолог», «үздік әлеуметтік қызметкер» номинацияларының жеңімпаздары аталады. Ең үздік фотосуреттер Мәскеу қаласындағы Рухани даму орталығына – «Мен ақжүректікті таңдаймын» халықаралық жобасының ұйымдастырушысына жіберіледі.
 
2016 жылдың 13 мамырында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы алғаш рет «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығының негізінде «Әлеуметтік жұмыс, психология: бастамалар, болашағы, барысы» тақырыбында конференция ұйымдастырды.
25.05.2016
 
Осы іс-шараға 179 маман қатысты: ҚР ДСӘДМ өкілдері, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы,  халықаралық ұйымдар: БҰҰ Балалар ұйымы ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер және еріктілер қауымдастығы, Назарбаев Университетінің әлеуметтік қызметкерлерді және психологтарды дайындау жөніндегі кафедра, Мәскеу қаласының «Рухани Даму Орталығы» аймақаралық қоғамдық ұйым, мемлекетті медициналық ұйымдар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, үкіметтік емес әлеуметтік ұйымдар, Астана қаласы Медицина университетінің отбасылық дәрігерлерді дайындау жөніндегі кафедра өкілдері.
         Форумды ҚР ДСӘДМ Әлеуметтік қызметтер департмаентінің директоры Тулегалиева А.Г. ашты. Баяндамалармен шыққан: Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі Оксамитный Ю., Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғожина С.О., ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің МСАК жөніндегі бас штаттан тыс маманы Абзалова Р.А., Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер және еріктілер қауымдастығының өкілі (Алматы қаласы) Хәкімжанова Г.Д., психолог, Мәскеу қаласының «Рухани Даму Орталығы» аймақаралық қоғамдық ұйымының үйлестірушісі Шахновская және тағы басқалар. 
         Ғылыми-тәжірибелік конференция әлеуметтік қызметкерлердің және психологтардың кәсіби құзыреті, әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру, жаңа медициналық-әлеуметтік технологиялар, салауатты мінез-құлық үлгісін қалыптастыру аспектілері, халық өмірінің сапасын жақсарту, бөлімаралық және ведомствоаралық ынтымақтастық тақырыптарына арналған болатын.
         Осы конференцияда келесі мәселелер қарастырылды:
  • Заманауи отбасының психологиялық денсаулығы;
  • Әлеуметтік жұмыстың жанұямен халықаралық тәжірибесі;
  • Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыстың заманауи қалпы;
  • «Мен ақжүректікті таңдаймын» халықаралық әлеуметтік жобасы;
  • Әлеуметтік қызметкерлерді денсаулық сақтау саласында аттестаттау – кәсіпқойлықтың дамуы үшін қажетті талап;
  • Қиын өмір жағдайындағы тұлғаларға көрсетілетін медициналық-әлеуметтік қызметтерді дамытудың өзекті мәселелері;
  • МСАК-тағы психиатриялық және наркологиялық көмекті біріктіру мәселелері;
  • Әлеуметтік қызметкерлердің әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен және тағы басқалармен ведомствоаралық ынтымақтастығы.
 
Конференция қатысушыларының баяндамалары мен тезистері «Қазақ білім беру академиясының баяндамалары» ғылыми журналында  жарияланатын болады.
Әлеуметтік жұмыс және кадрларды дайындау саласында білім беру; әлеуметтік жұмыс пен психологиядағы инновациялық технологиялар екі секциялық сабағында келесі тақырыптар қарастырылды:
  • заманауи жанұяның психологиялық денсаулығы;
  • әлеуметтік жұмыстың жаняұмен халықаралық тәжірибесі;
  • алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейіндегі патронаж мейіргерінің біріктірілген әмбебап-үдемелі үлгісі;
  • денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіби әлеуметтік супервизия; қолдау орталықтары – жаңа медициналық-әлеуметтік технология ретінде;
  • емдік педагогика – аутизмдік спектрдегі бұзылыстары бар балаларға көмек көрсету әдісі ретінде;
  • әлеуметтік қызметкерлерді заманауи деңгейде дайындаудың өзекті мәселелері;
  • үкіметтік емес ұйымдармен сектораралық ынтымақтасу тәжірибесі;
  • заманауи отбасыда ажырасу мәселесі.
 
Әлеуметтік жұмыс, психология саласындағы ең үздік, адал ниетті, тәжірибелі мамандар «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік психолог» номинацияларында «Алтын дипломмен», «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сонымен бірге «7 миллиард игі іс» халықаралық әлеуметтік жобалар қорытындылары шығарылды, мамандар Халықаралық әлеуметтік жобаларда қатысқаны үшін «Үздік ұйым», «Алтын диплом», «Құрмет грамотасы», «Алғыс хат» номинацияларында  марапатталды.
Конференция аяғында әлеуметтік жұмыс пен психология саласындағы мамандар қарар дайындады, ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жолданды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться