Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
1 ақпан күні «Демеу» орталығында онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша он күндік басталады
01.02.2016
Обырмен күресудің дүниежүзілік күніне орай 1 ақпан күні біздің медициналық Орталығымызда қатерлі ісіктердің алдын алу және оларды ерте айқындау бойынша он күндік басталады және ол 10 ақпанға дейін жалғасады.
Обырмен күресудің дүниежүзілік күні Халықаралық обырға қарсы одақтың бастамасы бойынша 2005 жылдың 4 ақпанынан бастап жыл сайын атап өтіледі.
Дүниежүзілік күн мен он күндіктің мақсаты – осы ғаламдық мәселеге халық пен жұмыс берушілердің көңілін аудару; бүгінгі күні онкологиялық аурулардың қаншалықты қауіпті және таралғаны туралы еске салу; халықтың, жұмыс берушілердің және медициналық қызметкерлердің алдын алу шаралары, онколгиялық ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу қажеттілігі туралы хабардарлығын арттыру.  
Онкологиялық аурулардан өлім-жітімді азайту Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасының мақсатты көрсеткіші болып табылады. Қазақстанда кездесетін онкологиялық аурулардың басым бөлігін скрининг бағдарламаларын жүргізу арқылы ерте кезеңдерде (сүт безі, тері, жатыр мойны, өңеш, асқазан, бауыр, тоқішек пен тікішек, қуықасты безінің обырын) анықтауға болады.  Тиісінше, осы жерлерде орналасқан обырлардан өлімді азайту онкологиялық аурулардан жалпы өлімді азайтудың көзі болуы мүмкін.
Дегенмен, скринингтердің нәтижелілігіне жету үшін халықтың осы бағдарламаларға белсенді қатысуы қажет: медициналық тексерулерден өту, сондай-ақ олардың медициналық ұйымдар мен мамандарға барған кезінде алған ұсынымдарын орындау, анықталған патологияны уақтылы емдеу. Осы бағдарламалардың жетістікке жетудің маңызды құрауышы - жұмыс берушілердің қызметкерлерге скрининг зерттеулерінен өтуі үшін жағдай жасау арқылы жұмыс берушілерді тарту болып табылады.
Обырмен күресудің дүниежүзілік күні және он күндік обыр, оның алдын алу шаралары және ерте анықтау маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру бойынша ортақ күшті біріктіруге, сырқат жөнінде қате ұғымнан арылуға мүмкіндік береді.
Емделушілердің он күн бойы «Демеу» орталығында скринигтен өтіп, мамандар кеңесін алуға мүмкіндігі болады.
Тегін тексерілуден кез келген ниетін білдірген, скринингке өтуге тиісті адам өте алады. «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығында 2016 жылғы 1 – 10  ақпан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін тегін профилактикалық тексерулер өткізіледі. Мекенжай: Тәуелсіздік даңғылы 11/1, № 208, 209 кабинет. 
Іс-шаралар 2016 жылғы 05 ақпан күні өтеді.
Өткізу орны: ШЖҚ «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы» МКК, Тәуелсіздік даңғылы 11/1, 204 кабинет.
Өткізу уақыты:
09:00 - 12:00 – Ашық есіктер күні. «Демеу» орталығының бекітілген тұрғындары үшін онкохирург дәрігердің тегін кеңесі.
12:00 -  «Онкологиялық сақтық» тақырыбындағы семинар-дәріс, Астана қаласының онкологиялық диспансерінен дәріс беруші онкохирург.
 
 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться