Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Астана қаласының медицина қызметкерлері арасында Спартакиаданың ашылуы өтті
02.03.2016
19 ақпан күні «Алау» мұз сарайында Астана қаласының медицина қызметкерлері арасында Спартакиаданың ашылуы өтті. Спартакиада жыл сайын өткізіледі, осы жылы ол 2016 жылғы 27 мамырға дейін созылады. Ұйымдастырушылар – Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.
Бұл іс-шара дене шынықтыру мен спортты насихаттау және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жоғары еңбекке қабілеттілікті қолдау және «Денсаулық 2019-2019жж» бағдарламасын орындау, денсаулық сақтау ұжымдарының арасында досжарлық спорттық арақатынасты орнату, қалалық сайыстарға, матчтық кездесулерге, жарыстарға қатыстыру үшін ең мықты спортшылар мен топтарды айқындау мақсатында жүргізіледі.
Астана қаласының медицина қызметкерлері арасындағы Спартакиада-2016 спорттың 11 түрі бойынша жүргізілетін болады. «Демеу» отбасылық денсаулық орталығының медицина қызметкерлері Спартакиада-2016-ға белсенді қатысты. «Алау» мұз сарайында біздің қызметкерлеріміз конькимен жүгіру спортында жарысқа қатысты, Орталық демалу паркінде біздің спортшыларымыз шаңғы жарысына бәйгеге қосылды.
Медицина қызметкерінің күнін мерекелеуге дейін Спартакиаданы аяқтау жоспарлануда. Жеңімпаздарға спорттың барлық түрлері бойынша кубоктар, медальдар мен дипломдар берілетін болады. Жалпы командалық сынақтың жеңімпаздары Медицина қызметкерінің күніне арналған салтанатты жиналыста Кәсіподақ жүлдесімен марапатталады. 
 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться