Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
«Отбасылық мейіргерге емделушімен тілдесудегі ұсынымдар»
14.03.2016
2016 жылғы 2 наурызда «Демеу» орталығында әлеуметтік-психологиялық қызмет маманы – әлеуметтік қызметкер Шонова Ә.Б. медицина қызметкерлерінің арасында «Отбасылық мейіргерге емделушімен тілдесудегі ұсынымдар» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингті өткізу барысында тренер отбасылық мейіргердің емделушімен тілдесудің 8 «тиімді ережесін» («жалқы есім», «жайлы ахуал», «қарым-қатынас айнасы», «әңгімені құру», «алтын сөздер», «риторикалық қабілеттер», «кәсіби тыныштық», «өзара түсіністік» ) ұсынды. Осындай ережелерді пайдалану медицина қызметкері мен емделушінің арасында өзара қатынасты орнатуға көмектеседі. Емделушімен сөйлесу барысында сенім және ынтымақтастық ахуалын сақтауға, тыныш, құрметті және игілкті ахуалды туғызуға және сақтауға бағытталған. Әр ереже ескертілді және тәжірибеде «мейіргер-емделуші» жағдаяттар түрінде игерілді. 
         Келесі күні ШЖҚ «Демеу» ОМОТО МКК директоры Абзалова Р.А. «Позитив» қартамыстар клубы үшін «Позитивті ойлану» тақырыбына дәріс өткізді. Дәріс барысында оң және теріс ойлардың сезімге, психологиялық қалыпқа, мінезге ықпал етуі жөніндегі сұрақтар қарастырылды. Сондай-ақ, адам өмірінде пайда болатын жағдайлар мен уақиғалардың себеп-салдарлық байланыстары, соның ішінде аурудың пайда болуында адамның жеке рөлі қарастырылды. 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться