Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Наурыз, «Алтын ғасыр» театрының ашылуы. Көктемгі мерекенің қарсаңында біздің Орталығымызда қандай тағы уақиғалар болды
31.03.2016
18 наурыз күні «Демеу» медицина орталығында көктемнің басталуын және шығыс жаңа жылы Наурыз тойланды.
Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелуі, ұзақ қыстан кейін тәуліктің жарық жартысы қараңғы жартымен теңелген кезі, ал кейін тапжылмай ұзара бастайды. Осылайша бұл мереке бастамасының басталуын, табиғаттың жаңаруын, жақсылық күштерінің жауыздықтың қара күштерін жеңетінін білдіреді.  
«Демеу» орталығының медицина қызметкерлері мейрамға тиянақты әзірленіп алды, мейрамды дастарқан жайды. Үстел басында алуан-алуан  ұлттық қазақ тағамдары болды. Олар: мейрам нышаны – наурыз көже, қымыз, шұбат, бауырсақ, сұйық және қатты құрт, майға пісірілген тәтті қатты қытырлақ нан, шелпек және т.б.
Мереке ауқатының дәмін татып қарағаннан кейін, Демеу қызметкерлері үлкен конференц-залға бет алды, онда салтанатты мереке өтті. Барлық қонақтарды «Демеу» орталығының директоры Роза Абзалқызы қарсы алды. Медициналық ұйымның басшысы әрқайсысын құшақтап, махаббатпен және құрметпен ізгі тілектер сыйлады.
Мереке жүргізушілері Серімов А.М. және Зинченнко Е.В. болды, олар барлық келген қонақтарды мерекемен құттықтап, қуанышты жаңалықпен бөлісті. «Демеуде» өз есігін «Алтын ғасыр» театры ашты. Театрды ашу мақсаты – адамдарда рухани құндылықтарды, қайырымдылықты, сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу, қалыптастыру. Жүргізушілер театр біздің ұйымымызда бірлік, жасампаздық пен тұрақтылықтың бейнесі болып, қызметкерлердің дарындарын ашатынына және «Демеудің» барлық мүшелері театрдың қатысушылары болатынына сенетінін айтты. «Алтын ғасыр» театрының жетекшісі болып СӨСҚ жөніндегі мейіргер Омина Бахадырқызы тағайындалды. Ашу салтанаты дәстүрлі шашудан, кішкене лентаны салтанатты кесуден, осындай қуанышты күнмен құттықтаулардан басталды.  Сонымен бірге, осы күні қонақтар «Демеу» еліндегі Наурыз» қойылымының тұсаукесерінің куәгерлері болды. Көрініс үшін сюжет ретінде «Демеу» орталығында болатын күнделікті жұмыс ахуалы болды.
Тіркеушілер тқрғындарды қарсы алды, медициналық қызметкерлер жүгінген емделушілерді қабылдады. Демеу орталығына Ахметовтар жанұясы жүгінді, отбасының әр мүшесінде медицналық ұйымға жүгіну үшін өз себептері бар.
Көрініс аяқталғаннан кейін барлық қонақтарды жанға жағымды тосын сый күтті. Құттықтау сөзімен және сыйлықтарымен «Демеуге» АҚШ президенті Барак Обама мен оның жары Мишель Обама келді, олар өз дәрігерлерін, мейіргерлерін, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарын озық тәжірибеге үйрету мақсатында «Демеу» қызметкерлерін Америкаға шақырды. Ақ үй қожайындары барлық шығындарды өтеуге уәделерін берді. Кейін сахнаға Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева, Болливудтың танымал жанұялы жұлдызды жұбы Айшвария Рай мен Абхишекк Баччан, өз биімен танымал биші Ратха Гупта шықты. Голливудтың әйгілі америка әртістері Анджелина Джоли мен Бред Питт алғы және құттықтау сөздерінен кейін Демеу орталығының кейінгі дамуы үшін біздің ұйымымыздың жетекшісі Р.А. Абзаловаға миллион доллары бар хатқалта берді.
Мерекеге ұлттық қазақ кейіпкерлері Алдар көсе мен Қыдыр ата келді, отбасылық дәрігер Болат Әділбек Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін домбырамен шертті. Кеш аяқталысында мерекелік дискотека болды. Барлық қатысушылар үйлеріне жақсы көңіл-күймен кетті.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться