Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Бүгінгі күні мейіргер МСАК деңгейінде және денсаулық сақтау жүйесінде халық үшін кеңесші, тренер ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл мейіргердің сіресіп қалған жұмыстың үлкен бөлігін жасағанынан. Ол профилактикалыұ жұмыспен айналысады, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді, халықты хабардар етеді және салауатты өмір салтын насихаттайды, емделушіні қарау шеңберінде қызметтер жүзеге асырады. «Дүниежүзілік халықаралық медицина қызметкерлер күнін» мерекелеу қарсаңында халық денсаулығы және «Демеу» денсаулық орталығының гүлденуі үшін еңбектенетін мейіргерлер туралы айтып бергіміз келеді.
05.05.2017
Спанова Рауза Жолаушықызы
Жалпы жұмыс өтілі – 30 жыл, «Демеу» орталығында – 8 ай.
Білімі: Қызылорда медициналық колледжін бітірді.
Еңбек қызметі: жұмыс қызметін 16 жасында бастады. 18 жылдай Қызылорда қаласының облыстық ауруханасының реанимациялық бөлімінде жұмыс жасады. Алматы қаласында 6 ай бойы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, кейін тұрмысқа шықты.  Отбасылық жағдайларына байланысты жолдасымен Семей қаласына көшіп, әскери бөлім госпиталінде 10 жылдай мейіргер болып еңбек етті. 2001 жылы Рауза Жолаушықызы жанұясымен бірге астанаға қоныс аударды, осы жақта «Рентген-зертханашы» циклі бойынша мамандыққа үйренді. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығының 21 учаскесінде отбасылық мейіргер ретінде еңбектенуде.
         Рауза Спанованың «Демеуде» жұмыс жасағанына дейін мамандандандырылған мейіргер ретінде жұмыс тәжірибесі жақсы болды, бірақ мұнда, ұйымда алғаш рет жұмыстағы дербестігіне ие болып, емделуші үшін өз маңыздылығын сезінгені туралы ашығын айтты. Мұның бәрі мейіргерлік қабылдаудың және емделушілерге өздігінше кеңес беру, кейін олардың қажеттіліктері бойынша тиісті маманға жолдау құқығының арқасында мүмкін болды. Халық тарабынан қайтарымды көріп, ол жұмысқа мейрамға сияқты рақаттанып келеді (күледі). Бүгінгі күні Рауза Спанова бақытты әже, жолдасы – әскери дәрігер (қазір құрметті демалысында), үш ересек баласы бар, немересі өсіп жатыр.
 
Досымжанова Әйгерім Ержанқызы
Жалпы жұмыс өтілі – 2 жыл, 6 ай, «Демеу» орталығында – 1 жыл және 6 ай.  
Білімі: Астана қаласының медициналық колледжін бітірді, «емдеу ісі» факультеті.
Еңбек қызметі: 2013 жылы медициналық колледжі тәмамдағаннан кейін Әйгерім Астана қаласының № 8 емханасына жалпы практика мейіргері ретінде жұмыс істеуге барды. Сол кезде ол мейіргерлердің дербес қабылдауына негізделетін жаңа әлеуметтік-бағдарланған үлгі туралы білмеді. Досымжанова Әйгерім мейіргер, дәрігер, әлеуметтік қызметкер және психолог арасында тәжірибедегі сабақтастық жөнге салынған «Демеу» отбасылық денсаулық орталығына жұмыс жасауға келгенде барлығы өзгерді. Мұнда отбасылық мейіргер бөлек, өз бетімен емделушілерді қабылдайтын, медициналық-әлеуметтік қажеттіліктерді айқындайтын, ал кейін басқа мамандарға жолдайтын, яғни, қабылдауды үйлестіретін және халыққа интеграцияланған қызмет көрсетуге жағдай жасайтын байланыстырушы буын. «Демеу» орталығының негізінде отбасылар үшін халыққа нақтамалық және профилактикалық қызмет көрсететін әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыс жасайды.
Әйгерімнің айтуы бойынша, дәл осы жерде ол отбасы денсаулығы үшін өз жауапкершілігін ұғынды, тілдесу, кеңес беру, жаттықтыру (халықты оқыту) дағдыларын және жетекші сапаларын дамытты. Күмәнсіз, бұл оның кәсіби өсуіндегі және жеке дамуындағы итермешілік болды.
Әйгерімнің сөздері: «Халыққа қажет екенімді сезінемін. Мен келесі қызметтер көрсете аламын: емделушіні дәрігерсіз қабылдау, өз бетімен скриниг жүргізу,  балалар мен ересектерді алдын ала қарап-тексеру, диспасерлік науқасқа рецепт жазып беру, емделушіге шұғыл көмек көрсету, сондайа-ақ күтім бойынша қызметтер. Біздің алғашқы буынның ескі үлгісінен айырмашылығымыз – біз сол кезде тек медициналық қызметтер көрсеттік және әлеуметтік-бағдарланған ойлау не екенін түсінбедік».
 
Утяпова Гүлжайна Ғабитқызы
Жалпы жұмыс өтілі «Демеу» орталығында – 1 жыл 8 ай.
Білімі: Батыс Қазақстан медициналық колледжін бітірді.
Еңбек қызметі: Гүлжайна Ғабитқызы Утяпованың еңбек қызметі медицина колледжін бітіргеннен кейін  «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығында басталды. Күн сайын Гүлжайна өз учаскесіне барады, өз емделушілерімен әрдайым байланысады, өздігінен қабылдау жүргізеді, емделушілерге кеңес береді. Кеңес үшін жас аналар, қарттар жүгінеді. Олар жиі медицина мекемесінің қабырғасынан тыс, үйге бару кезінде кездеседі. Гүлжайнаның пікірі бойынша дербес тәжірибе мейіргерлерге көп нәрсе береді, олар өз алдына отбасыға медициналық-әлеуметтік баға бере алады. Сонымен қатар, мейіргерлер әрқашан кәсіби дамып жатады, олардың әлеуметтік-бағдарланған ойлау түрі да дамиды. Жан-жақты дамыған әмбебап мейіргер емделушіні медициналық, әлеуметтік және психологиялық қызметтер фокусында қарастырады.
«Халықтың біздің жұмысымыз, біздің оларға деген қатынасымыз үшін алғыс болғанына дән ризамын. Олар алғыстарын ауызша білдіреді, сондай-ақ жазбаша түрде біздің медициналық Орталығымыздың және Денсаулық сақтау басқармасының сайттарына жазады. Мен «Демеу» отбасылық денсаулық орталығында жұмыс жасайтыныма қуаныштымын, дербес мейіргерлік тәжірибе жақтаушысы және оның дамуына ел деңгейінде жағдай жасайтын «Демеудің» бірінші басшысы Роза Абзалқызы Абзоловаға алғыс айтқым келеді. Менің алғашқы аға мейіргерім – Б.Ә. Нұрбековаға, сондай-ақ аға мейіргерлер және менің бүгінгі жетекшілерім Г.А. Таушева мен А.А. Жексембековаға шексіз ризамын, олар мейіргерлік істің  мамандары, мен үшін отбасылық мейіргерлер қызметіндегі әлеуметтік-бағдарланған тәжірибе үлгісі және өнегесі, дәл олар маған кәсіби білім мен дағдылар берді, - дейді Гүлжайна.
Жүсіпова Гүлім Жәмитқызы
Жалпы жұмыс өтілі - 5 жыл, «Демеу» орталығында - 1 жыл 6 ай. 
Білімі: Көкшетау қаласында медициналық колледж тәмамдады.
Еңбек қызметі: Жүсіпова Гүлім 2011 жылы Көкшетау медициналық колледжін бітіргеннен кейін Астана қаласына көшіп, № 7 қалалық емханасында 3 жыл жұмыс жасады. 2014 жылдың қазанында Гүлім Жәмитқызы «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығына мейіргер лауазымына жұмысқа орналасып, бүгінгі күнге дейін жұмыс істеуде. 2016 жылдың ақпанында Гүлім 9 учаскеден 7 учаскеге (сол кезеңде бұл учаскенің жұмыстағы көрсеткіштері төмен болды) ауысты және бір ішінде ол учаске көрсеткіштерін көтерді, осылайша ол сыйлықақы алып, Гүлімнің айтуы бойынша халық пен медициналық ұжым арасында беделге ие болды. Гүлім Жәмитқызы жүректегі жылулығымен тәжірибе алған және көптеген аурулардың емделуі туралы білім берген 7-ші емхана дәрігерін есіне алады. Мұнда, «Демеуде» Гүлім дербес қабылдау бағытындағы дағдыларын иеленді. Оның дербес қабылдаудың сыни ойлау түрін, көшбасшы сапаларын, жаңашылдық пен сауықтыру қызметінің үдерісін басқару іскерлігін дамытатына көзі жеткен.
Садырбекова Айнұр Қойшығарақызы
Жалпы жұмыс өтілі -11 жыл, «Демеу» орталығында -  4 жыл 8 ай.
Білімі: Жезқазған медициналық колледжі, «емдеу ісі» факультеті.
Еңбек қызметі: бүгінгі күні бірінші санатты мейіргер, Айнұр Қойшығарақызы «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы» МКК № 8 учаске мейіргері. Айнұрдың отбасылық медицинадағы тәжірибесі 11 жылдан асады. Ол жұмысты Жезқазған қаласының «Мәкенбаев» ОДА мейіргері ретінде бастады, 2012 жылдың тамызынан бастап «Демеу» отбасылық денсаулық орталығында еңбек етеді. Айнұрдың айтуы бойынша «Демеу» оған көп нәрсе берді – халыққа қызмет көрсетуде өз маңыздылығын сезіну, кәсіби әлеуетті ашу, халық арасында жоғары беделге ие болу және өзін денсаулық сақтау жүйесінде құнды маман болып сезіну. Айнұр Қойшығарақызы – Қарағанды, Көкшетау, Семей қалаларында өткен халықаралық және республикалық конференциялардың қатысушысы, оларға белсенді қатысып, мейіргерлерге бөлек қабылдау бойынша оқыту жүргізді. Өткен жылы Айнұр Садырбекқызы Медицина қызметкері күніне орай Астана қаласының Алматы ауданы әкімінен грамота алды.
Нұрғалиева Гүлжан Абуғалиқызы
Жалпы жұмыс өтілі – 26 жыл, «Демеу» орталығында – 9 жыл жұмыс істейді. 
Білімі: Арқалық медициналық училище.
Еңбек қызметі: Гүлжан Әбуғалиқызы еңбек қызметі Қостанай облысында басталды. Бірнеше жыл Гүлжан Нұрғалиеваның Орталы аудандық ауруханада мейіргер болып, тағы біраз уақыт терапия бөлімінің сатционарында емшара мейіргері болып жұмыс жасады. 2007 жылы ол жанұясымен бірге Астана қаласына қоныс аударып, «Демеуде» 5 учаске отбасылық мейіргері ретінде жұмысқа кірісті. Гүлжан Нұрғалиеваның пікірі бойынша заманауи мейіргер кеңесші, жаттықтырушы, қорғаушы, психолог және дос ретінде отбасының «сенімді тұлғасы» бола бастайды. Гүлжан Нұрғалиева мейіргердің жұмыс сапасының жоғары көрсеткіші ретінде халық  жағынан құрмет пен ризашылықты белгілейді. Гүлжан Нұрғалиева барлық әріптестерін мерекемен құттықтайды.  
Бәкенова Бота Қазтайқызы
Жалпы жұмыс өтілі -32 жыл, «Демеу» орталығында – 5 жыл.
Білімі: Целиноград қалалық медициналық училище.
Еңбек қызметі: Бота Бәкенова Ақмола облысының жергілікті тұрғыны. «Демеуге» келгенге дейін Бота Қазтайқызы Көкшетау облыстық ауруханасының гематология бөлімінде емшара мейіргері болып жұмыс істеді. Осы лауазымында ол 25 жыл бойы еңбектенді. Бүгінгі күні Бота Қазтайқызы 1-ші санатты білікті мейіргер. Осындай ұжымда еңбек ететініне өте қуанышты. Бота Қазтайқызы: «отбасылық мейіргер» жанұяны толығымен (бөбектен қартамысқа дейін) білуі керек. Инсульт, инфаркт, қантты диабет сияқты аурулардың профилактикасын жүргізеді және емделушіге алғашқы көмек көрсетеді. Бота Қазтайқызы «Демеу» ОМОТО директоры Роза Абзалқызына мейіргердің халық арасында беделі жоғары осындай Орталықты құрғаны үшін алғыс айтады.
 «Біздің «Демеу» орталығымыздың өркендеуін, көптеген медициналық ұйымдардың отбасылық практикаға көшуін тілеймін. Барлық мейіргерлерді «Халықаралық мейіргерлер күнімен» құттықтаймын, барлық әріптестерге өз кәсіби деңгейін арттыру, махаббат, амандық, күлкі мен денсаулық тілеймін», - қорытындыға келді Бота Қазтайқызы.   
 
Сіз байқағандай, «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығында барлық Қазақстаннан әлеуметтік-бағдарланған мейіргерлер еңбектенеді.  Әлемдегі ең гуманистік мамандықтардың бірін таңдап, олардың барлығы шексіз құрмет пен алғысқа лайықты. «Халықаралық мейіргерлер күні» мерекесіне орай «Демеу» ОМОТО Сіздерге баға жетпейтін және қадірлі еңбегіңіз үшін алғыс айтады. Сіздер – ақ халаттағы «перизат-емшілерсіз», халық денсаулығының «әсем құтқарушыларысыз». Сіздерсіз медицина ұйымының жұмысы мүмкін болмайтын еді. Қымбатты мейіргерлеріміз, қоғам мен ел игілігі үшін еңбек етіп жатқандарыңыз үшін көптен-көп рақмет!      
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться