Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Донор болудың 10 себебі !
21.04.2022

Қан донорлығы – адамның қанды ерікті түрде тапсыру шарасы. Мұндай қадамды мақтаныш ретінде қабылдауға болады, өйткені Сіз игі іс қана жасап қоймай, донор болуға жарамды адамдардың қатарына кіресіз, яғни қазіргі өмір салтыңыз өзіңізді дені сау адам деп атауға лайық, ал дені сау адам болу қашан да үлкен бақыт болып табылады!

Ересек адамның ағзасында шамамен 4,5–5,5 литр қан бар, донордан қан олған кезде оның оннан бір бөлігін – 450 мл. алады. Бұл адамға зиян келтірмейді және қолайсыздықты тудырмайды, қан көлемінің орны тез толып,  шара қан жасаушы процестерді ынталандырады және белсендетеді, ал бұл болса адамға өз пайдасын тигізеді.

Қан тапсырудың 10 артықшылығы:

№ 1 себеп. Бірнеше адамның өміріне араша түсетін игі іс жасағанынды білгендіктен туындайтын қуаныш пен бақыт сезімі басты себептерінің бірі болып табылады. 1 рет қан тапсырған донор 3 адамның өмірін құтқарады.

№ 2 себеп. Донорлар  міндетті түрде тексеріп-қараудан өтеді, яғни өз қан тобын білу, В және С гепатиттері, мерез, АИТВ инфекциясының маркерлеріне зерттеу үшін тегін  текссеріледі.

№ 3 себеп. Қанды тапсырған кезде ағза қан жасаушы органдарының қызметін ынталандырады, сол арқылы қан құрамы жаңартылады, адамның жалпы жай-күйін жақсартады, еңбекке қабілеттілігін арттырады.

№ 4 себеп. Тұрақты донорлық семіздіктің алдын-алады, жаңа алынған қанның бір донациясы барысында адам 650 ккалды, плазма донациясы кезінде – 470 ккалды жоғалтады. Әйелдер үшін бұл жас, әдемі және сымбатты болудың тағы да бір таптырмас жолы.

№ 5 себеп. Ерлер үшін – өздерін ер ретінде сезінудің тағы да бір жолы. Сонымен қатар, ерлер артериялық қан қысымының көтерілуіне жиі душар болады, донорлық – қан қысымын, сондай-ақ жүрек пен тамыр ауруларының қатер-қаупін төмендетеді.

№ 6 себеп. Қанның жаңаруы, өз кезегінде, асқазан-ішек жолдары, оның ішінде бауыр ауруларының баға жетпес профилактикасы. Нәтижесінде донорлардың бет әлпеті жақсарады, ал терісі жарқыраған және таза болады.

№ 7 себеп. Донорлықты ағзаны қанды болжалды жоғалтуға жаттықтыру ретінде қарауға да болады. Тұрақты донор ауқымды қан кету жағдайында төзімді болады, өйткені олардың қан тапсырмаған адамға қарағанда, қан кету реакциясы жаттықтырылған.

№ 8 себеп. Қан донорлығы онкологиялық ауруларға шалдығудың қауіп-қатерін төмендетеді.

№ 9 себеп. Қан донорлығы салауатты өмір салтын ұстануды, дұрыс және толыққанды тамақтануды, спортпен шұғылдануды, өз денсаулығын күтуді, дәрі-дәрмектерді қажетсіз ішпеуді, жаман әдеттерден бас тартуды болжамдайды.

№ 10 себеп. Қан тапсыру адам өмірін 5-7 жылға ұзартады.

Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться