Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында №13 қалалалық емхана негізінде жиын өтті, оның барысында 18 қызметкер атап өтілді.
22.12.2017
2017 жылғы 15 желтоқсанда үлкен мәжіліс залында Қазақстан Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге арналған медицина қызметкерлерінің мерекесі өтті. №13 емхананың бас дәрігері Т.Т. Есдаулетов барлық қатысушыларды осы мерекемен құттықтап, алғыс хаттар тапсырды. Емхананың әкімшілігімен  14 медицина қызметкері ерекеш белгіленді: Г.П. Чонай Г.Ч., Байантаева А.А., участкелік мейіргерлер Б.К.Бакенова, А.С. Алтынбек, Н.Б. Абирова, Ш.С. Ыбыртаева, Ш.Ж.Ахылбекова № 48 және 27 мектептердің мейіргерлері: Чалыспаева Б.А.  және Усенова А.Ж., дерматовенеролог Науытова Ш.Н., рентген зертханашы Акибаева Ш.Ж., ультрадыбыстық докторы Ж.А. Карадауова, дәрігер-гинеколог Джаулыбаева А.С. және педиатр Дүйсенгалиева Г.Ж. Мерекелік кездесуге «Нұр Отан» Алматы ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасенов Гайдар Қабдулұлы қатысты. «Нұр Отан» партиясының атынан және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты алғыс білдірді және барлық медицина қызметкерлеріне еліміздің гүлденуіне қосқан үлестері үшін алғыс айтты, сондай-ақ емхананың бас дәрігері Т.Т.Есдалетовқа, ТҚ жөніндегі инженер Т.Б. Тоғаевқа және алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек қызметінің меңгерушісі А.М.Серимовқа алғыс хаттар табыс етті. Астана қаласының әкімі А.О. Исекешев атынан алғыс хатпен шаруа-бике Д.О.Қанширова  марапаттады. Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіздік күні – барша қазақстандықтар жұмыла тойлайтын ортақ мереке. Биыл бұл мереке Елордамызда кең көлемде аталып өтуде. Тәуелсіздіктің 21 жылына , Астананың 20 жылдығына үлкен табыспен жетіп отырмыз. Осынау игілікті үрдіске Өзіңіз сынды білікті мамандар мен белсенді азаматтардың қосқан үлесі зор. Сол үшін Сізге зор ризашылығымызды білдіреміз. Деніңізге саулық, отбасыңызға береке, еңбегіңізге табыс тілеймін – делінген тілекте.
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться