Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Хабарландыру
06.11.2018

Астана қаласы «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№13 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Мекен-жайы: Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 11/2, тел. 8 (7172) 49-12-62.

Ресми сайты: emhana13.

1. Негізгі қызметінің сипаттамасы:

1) пациенттерге жіті жəне созылмалы аурулар, жарақат, улану немесе басқа шұғыл жағдайлар кезінде дəрігерге дейінгі, білікті жəне мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

2) шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсету;

3) созылмалы ауру түрлері бар адамдарды динамикалық бақылау;

4) ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді тексеріп-қарау;

5) пациенттерді стационарларға емдеуге жатқызуға жіберу және медициналық оңалтуға, сондай-ақ шипажайлық-курорттық емдеуге іріктеу;

6) функцияларының бұзылулары бар, тіршілік əрекеті жəне жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, жалғастырушы жəне кеш медициналық оңалту;

7) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен профилактикалық тексерудің барлық түрлерін (скринингтік, жұмысқа тұратын кездегі алдын ала, мерзімді, мақсатты жəне т.б.), сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмектің медициналық қызметтерінің көлемін көрсету;

8) тіркелген халықты дəрі-дəрмектермен қамтамасыз ету;

9) инфекциялық аурулар ошағында санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) іс-шараларды жүргізу;

10) науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жүргізу, еңбекке қабілеттіліктен тұрақты айырылу белгілері бар адамдарды Қазақстан Республикасының халықты əлеуметтік қорғау аумақтық органдарына жіберу;

11) аурудың алдын алу жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

12) отбасын, ана, əке болу мен балалық шақты қорғау, оның ішінде отбасын жоспарлау;

13) иммундық профилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;

14) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен профилактикалық жəне скринингтік бағдарламаларды іске асыру;

15) тіркелген халыққа психологиялық көмек жəне арнайы əлеуметтік қызметтер көрсету;

16) онкологиялық сақтық, туберкулезді жəне жыныстық жолмен берілетін ауруларды айқындау, анықталған науқастар туралы ақпаратты тиісті медициналық ұйымдарға уақытылы беру бойынша емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

17) халыққа ақылы медициналық қызмет көрсету.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

2. Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Құжаттар тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Байқаудың өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 420 кабинет.

Байқаудың басталу күні –6 қараша 2018 жыл.

Байқаудың аяқталу күні – 5 желтоқсан 2018 жыл.

Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться