Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. 

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру –  бұл тұрғындарды ауру, жарақат,  жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі.  

Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

 Халықаралық тәжірибе

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдау барысында 50-ден астам елдің тәжірибесі зерделенді.  

Бүгінде бүкіл әлем денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш негізгі үлгісін қолдануда: бюджеттік, сақтандыру және аралас.

Бюджеттік үлгі Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдерде қолданылады.  

Әлеуметтік сақтандыру  Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы 30-ға тарта елде бар, ал жеке сақтандыру АҚШ-та қолданылады. 
Бірақ, көптеген елдер тиімділігі дәлелденген бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас түрде қолданады.

Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады.
 Бұл:

Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры аударымдарының көлемі бойынша ең қолайлы жағдай жасалған.
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына сәйкес (Парламентке енгізілу жоспарланып отыр) медициналық сақтандыру мәселелері бойынша келесі жарналар мен төлемдер қарастырылған:  
-жұмыс берушілер:  2017 жылдың 1 шілдесінен-1% ;2018 жылдан бастап -1,5%,2020 жылдан бастап -  2% , 2022 жылдан бастап -3%;
-жұмыскерлердің жарнасы: 1% - 2019 жылдан бастап,  2020 жылдан -  2%;
- жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, келісім-шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарнасы  – 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап табысына қарай, бірақ ең төменгі 2 жалақының  5%-нан кем емес;
-жұмыс күшіне жатпайтын тұлғалар үшін (өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) жарна көлемі – 2018 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі 1 жалақының 5%-ы;
- мемлекет халықтың осал топтары үшін 2018 жылғы қаңтардан – 3,75%,   2019 жылдан -4%, 2022 жылдан -4,5 %. .

Мәселен:

Германияда жұмыс берушілердің жарнасы – 7,3%, жұмыскерлердікі – 8,2%.

Словакияда сәйкесінше - 10% және 4%,

Литвада- 3% және 6%.

Денсаулық сақтау жүйесінде реформалар не үшін қажет?

Бұл мәселелер міндетті сақтандыру жүйесінде қалай шешіледі?

Сонымен бірге, Медициналық сақтандыру қоры төлемдерінің ұлғаюымен қатар, медициналық қызметтер көлемін артатын болады. Бұл – жаңа мердігерлерді тарту арқылы кезектерді азайтуға мүмкіндік береді.    

Жұмыс берушілер үшін:

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары:

Аз қаражатпен МӘМС шеңберінде қызметтердің толық пакетін алу!

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді емес азаматтарына жарна төлейді (тізімі төменде). Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар – өздері үшін жарна төлейді. Осылайша, «сен бүгін басқаларға, ертең олар саған көмектеседі» деген ортақ жауапкершілік қағидаты бойынша, көмекке мұқтаж адамдарға мұқтаждығы төмен азаматтардың есебінен қызмет көрсетіліп, қаржыны тиімді бөлуге мүмкіндік береді.
Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз;

Барлығы айқын түрде болады!

Сақтандырылған азамат электрондық денсаулық сақтау кабинетіндегі жеке парақшасына кіріп, көрсетілген медициналық қызметтер, денсаулық жағдайы, төленген жарналар туралы ақпаратпен таныса алады.

МӘМС-ті таңдау – тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи қолжетімді медицинаға жол ашады.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Егер азаматқа жарна аударылатын болса, ол автоматты түрде сақтандырылған болып саналады. Осылайша, ең төменгі деңгейде жарналық аударымдар жасай отырып, азамат медициналық қызметтің бүкіл пакетін, оның ішінде қымбат қызметтерді пайдалануға мүмкіндік алады. 
Қор өз кезегінде тиісті талаптарға сәйкес келетін медициналық қызметтер көрсетуші мердігерлермен келісім-шарт жасап, медициналық қызмет сапасын қатаң бақылайды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры келесі функцияларды атқарады:

Есте сақтаңыз!

Қор әрдайым сақтандырылған азаматтар-медициналық көмекке жүгінушілердің мүддесін қорғайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы барлық азаматтардың аударған қаржылары Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорында (МӘМС) жинақталады.
Қор медициналық қызмет көрсетуші мердігерлерге жасалған келісімнің шарттарына сәйкес ақы төлейді.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жеке табыстары мен қорда жинақталған жарнасының көлеміне тәуелсіз қызметтер бірдей қолжетімді болады.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?

Есте сақтаңыз!

Мемлекет келесі медициналық қызмет түрлерін тегін қамтамасыз етеді:

МӘМС жағдайында дәрілік қамтамасыз ету қалай жүргізіледі?

Амбулаторлық-емханалық деңгейде дәрілік қамтамасыз ету дәрігер жазған рецепттің негізінде, бекітілген дәрілік заттар тізіміне сәйкес жүргізіледі. Тізім 47 науқас бойынша дәрілік қамтамасыз етуді қарастырған.
Стационар жағдайында дәрілік қамтамасыз ету бекітілген Дәрілік формулярларға сәйкес жүргізіледі.

Қор активтерін сақтауды қамтамасыз ету

Сонымен қатар, заң жобасында қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын нақты талаптар мен шектеулер белгіленген.

ӘМСҚ қызметінің ашықтығы келесі жолмен жүзеге асырылады:

1) ӘСМҚ-ның стратегиялық құжаттарын (5 жылға арналған стратегиялық жоспарды, қысқамерзімді даму жоспарын, жылдық жоспарды жариялау);
2) Сақтандырушыларға арналған ақпарат: жалпы (құқықтары, міндеттері, мүмкіндіктері, жаңалықтар,  қызмет көрсету шарттары мен тарифтері); жеке кабинет арқылы – ӘМСҚ-ның жарна аударушы және қызметті пайдаланушы пациентке есебі.
3) Мердігерлерге арналған ақпарат (нормативтік-құқықтық актілер,сатып алу ережелері, тарифтер, мердігерлермен келісімдердің мазмұны, оның ішінде қаржылық мәліметтер де, түрлі жоспарлар – сатып алу және бақылау).
4) Медициналық көмек көрсету саласындағы әртүрлі зерттеулер, сараптаулар нәтижелері.

Мемлекет Сіз үшін келесі жағдайларды төлем жасайды:
егер мына санаттардың біріне кіретін болсаңыз,  автоматты түрде медициналық сақтандыру қорының қатысушысы боласыз:
1) балалар;
      2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
      3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;
      4) мүгедектер;
      5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
      6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;
      7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
      8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
      9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
      10) зейнеткерлер;
      11)  қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
      12) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.
Бұған қоса, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері; құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарна төлеуден босатылады, алайда олар ведомстволық жүйе мекемелерінде медициналық қызмет ала алады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес  (ҚР Парламентінің қарауына ұсынылмақ) медициналық сақтандыру мәселесіне қатысты мемлекет жарна төлейтін тұлғалар қатарын кеңейту көзделіп отыр. Олар:

 «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі.

Заңға сәйкес, аударымдар (ұстанымдар) мен жарналарды аудару ай сайын жүргізіледі.

Сонымен қатар, ӘМСҚ төлем жасаушылар қатарын келесі тұлғалар қатарымен толықтыру жоспарлануда:

Олар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақымөлшерінен  5% төлейді.

Міндетті медициналық сақтандырудың мерзімінің өзгеруіне байланысты не білу керек?

2016 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы  бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Бұл уақыт ішінде Қор құрылып, оның филиалдары ашылады, денсаулық сақтауға кететін шығындар республикалық деңгейде шоғырланады және Қор медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алу бойынша біріңғай стратегиялық сатып алушы ретінде жұмыс істейді.

Сақтандыру аударылымдары мен жарналары Қорға келесі табыс түрлерінен ұсталмайды:

Егер жарна төлемесеңіз не болады?

Сіз келесі жағдайларда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қоғамдық бақылау жасауға қатыса аласыз:

!!! Жұмыс берушілер ай сайын әрбір қызметкер үшін аударылған жарналарды бастапқы кезеңнен бастап есепке алып, әрбір есептік айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей, жарна төленген қызметкерлерге аударылған қаржы туралы есеп беріп отыруы тиіс.
Жарналар/жарналарын есептеу үшін алынатын орташа айлық кіріс көлемі 15 ең төменгi жалақыдан аспауы тиіс.
Барлық жарналар табыс төленген есепті айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей аударылуы тиіс.

Жұмыссыздар үшін:

Жеке кәсіпкерлер, патент бойынша жұмыс істейтін тұлғалар, шаруа қожалықтарының жұмыскерлері, базарлардағы сатушылар

Жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналары төлеу мен есептеулері қорының шотына мемлекеттік корпорация арқылы қаражатты тікелей аудару арқылы өздігінен жүзеге асыратын болады:

Жарна төлемесеңіз не болады?

Сіз МӘМС жүйесіне қатыса алмайсыз және медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы медициналық көмекке жүгіне алмайсыз.

Алайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген   көлеміне  пайдалана аласыз. Оған:

Басқа медициналық қызметтер ақылы түрде жүргізіледі.

МӘМС қатысушылары үшін жаднама

Сіз МӘМС жүйесін енгізу туралы не білесіз?
Қазақстанда ағымдағы жылдың шілде айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өз жұмысын бастайды. Біздегі медициналық сақтандыру үлгісінің негізгі қағидаттары: ынтымақтастық, жаппай қамту және  әділеттілік, қаражат жинау кезінде – «әркімнен төлем қабілетіне қарай», ал медициналық көмек алуда  «әркімге қажетіне қарай».
Аталған жүйе жинақтаушы жүйе емес, және қаражатты дербестендіре бөлу қарастырылмаған.  Ортақ қаржыландыру  - бұл ай сайын Медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жұмыскерлер, өзін-өзі қамтитын азаматтар және негізгі әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар үшін негізгі төлеуші ретінде мемлекет тарапынан түсетін жарналар мен аударымдар.
Тұрғындар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы медициналық көмек ала бастайды. МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін анықтау үшін өзінің ЖСН ұсыну жеткілікті.  
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына кімдер жарна төлемейді?
Бұл, олар үшін мемлекет жарна төлейтін, әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың 14 санаты:  
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;
7) Зейнетақы алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
9) тергеу изоляторларындағы адамдар;
10) жұмыс істемейтін оралмандар (1 жыл бойы);
11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
12) мүгедектер;
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды аяқтаған айдан кейінгі күнтізбелік үш айдың ішінде оқуын аяқтаған  адамдар.
Сонымен бірге, әскери адамдар, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, құқыққорғау органдарының қызметкерлері Медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылған, бірақ оларға ведомстволық желідегі мекемелерде медициналық қызмет көрсетіле береді.

Медициналық сақтандыру қорына кім, қанша төлейді?
- жұмыс берушілер аударымдары: 1% - 2017 жылдың шілде айынан бастап, 1,5% - 2018 жылдан, 2% - 2020 жылдан, 3% - 2022 жылдан;
- жұмыскерлер жарналары: 1% - 2019 жылдан,  2% - 2020 жылдан;
- жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, келісімшарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар жарналары – табыстан, бірақ  2 ЕТЖК  5%-нан кем емес, 2017 жылдың шілде айынан бастап (ай сайын 2445 теңге);
- жұмыс күші құрамына кірмейтін (белсенді емес тұрғындар) адамдардың жарна мөлшерлері  – 1 ЕТЖК  5% 2018 жылдың қаңтар айынан бастап (ай сайын 1414 теңге);
- мемлекет әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар санаты үшін аударатын болады: 3,75% - 2018 жылдың қаңтар айынан бастап,   4% - 2019 жылдан, 4-5 %  - 2022 жылдан;
- дипломатиялық және соған теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында тіркеуден (аккредитация) өткен шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінде   жұмыс істейтіндер  2017 жылдың 1 шілдесінен аударылған табысының 5 пайызын;
 - халықаралық және мемлекеттік ұйымдарда, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарда мен қорларда (халықаралық келісімшарттарға сәйкес салық агенттері болып табылмайтын) жұмыс істейтін тұлғаларға келсек, олар да 2017 жылдың 1 шілдесінен табысының 5 пайызын;
- Қазақстан азаматтары ҚР аумағынан сыртқа, шетелге шыққан жағдайда, егер ол тұрғылықты өмір сүруге кетпеген болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан төменгі айлық жалақының 5 пайызы мөлшерінде (1414 теңге) жарна төлейді.

 МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек алады?

Мемлекет  ТЕГІН медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

 

Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться