- жыл ішінде бірінші рет ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК жүгінген барлық ерлерді созылмалы және ісік алды ауруларды ерте анықтау мақсатында жасы мен сырқат сипатына қарамастан міндетті профилактикалық қаралу;
- профилактикалық қаралу тері және көрінетін шырышты қабық тексерісін, перифериялық лимфатүйіндер, емшек безін, сыртқы жыныс органдарын (жыныс мүшесі, ұма органдары – жұмалақ және жұмыртқа қосалқысы) пальпациялау және тексеру, қуықалды без және ұрықтық қуықты саусақпен тік ішек арқылы тексеру (40 жастан асқан ерлер жыл сайын тексеріледі), сонымен қатар дерттік сыртартқыларды мұқият жинауды қамтиды.
Сондай-ақ, ерлерді қарау бөлесінің фельшері ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК келетін ерлер арасында санитарлық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.