Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Біз  / Ғылым мен білім
Ғылым мен білім
Ғылым мен білім беру ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК қызметінің аса маңызды бағыттары болып табылады. Денсаулық сақтаудың бастапқы сатысына инновациялық технологиялар, дәлелді медицина, әлеуметтік жұмыс, психология, халыққа қызмет көрсетуді жаңа тұрғыда қарастыру ғылыми база мен ғылыми бағалауды талап етеді. Осының бәрін біз халықаралық стандарттарға сай іс жүзінде өзіміздің қызметімізде жүзеге асырамыз.

Медициналық оқу орындарында оқу пәні болып танылмаған салада қызметкерлерді даярлау біз үшін басым болып табылмақ. Әлеуметтік жұмыс, психологиялық қызмет көрсету, халықпен, жеткіншектермен, отбасымен, қауымдастықпен жүргізілетін жұмыстың тиімді әдістер тәжірибесін біз студенттерге, болашақ отбасылық дәрігерлер мен мейіриелерге, денсаулық сақтау саласының менеджерлеріне табыс етеміз.

ЩЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК тәжірибесін тарату мақсатында Қазақстанның түрлі қалаларында көшпелі семинарлар ұйымдастыру денсаулық сақтаудың бастапқы сатысындағы әлеуметті бағдарлы моделінің, медициналық және әлеуметтік қызметтер шоғырлануының, пациентке бағытталған көмек пен жаңа технологиялардың нәтижелілігі мен тіршілікке қабілеттігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Аталмыш модель маманның кәдімгідей сапалы кәсіби дамуына және әлеуметті бейімді болып шығуына мүмкіндік береді.

Әлеуметті бейімді дәрігер – бұл қызметтің аталмыш түрін халыққа медициналық-әлеуметтік көмек көрсету негіздері бойынша арнайы білім мен дағды арқасында (өз бетімен, әлеуметтік қызметкермен біріге) іске асыратын, сауықтыру үрдісіне пациенттердің өздерін туыстары мен ең жақын бірлестік мүшелерін біріктіре қосып, сондай-ақ өз денсаулығына өзі жауапты болуға, саламатты өмір салтын дәріптеуге, сауыттылықты, ақпараттандырылғандықты және әлеуметтік белсенділікті жоғарлату арқылы аурушаңдық қауіп-қатерін жоюға түрткі болатын маман.

Әлеуметті бейімді мейірие – бұл дәрігер қоластында немесе өз бетімен, бірақ медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мамандар тобымен тығыз ынтымақтастағы, халыққа қызмет көрсеткенде медициналық-әлеуметтік технологиялар қолданатын маман 
 
Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар 
 
Денсаулық сақтау саласының алғашқы сатысындағы перинаталдық қызмет көрсетудің ұйымдастыру-функционалды моделдері (Д.С. Байсеркина)
 
Тежелу – жүктілік кезіендегі психоәлеуметтік мәселе ретінде. (Д.С. Байсеркина)
 
Әйелдер денсаулығы
 
Перзенткер-гинекологтың қызметіндегі әлеуметтік-психологиялық аспекттер. (Д.С. Байсеркина)
 
Алғашқы медициналық-санитариялық көмекке перинаталдық қызметтерді шоғарлындыру және перзенткер-гинекологтың жаңа рөлі. (Д.С. Байсеркина)
 
Әлеуметті бағдарлы денсаулық сақтау саласы жағдайындағы аналықтың қауіпсіздігіне шоғырландырылған көзғарас (Д.С. Байсеркина)
 
Жастар денсаулық сақтау орталығы жағдайындағы жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту (репродукциялық) денсаулығын сақтау бойынша орталығы жас ұрпаққа медициналық-санитариялық көмек көрсетудің жаңа ұйымдастыру түрі ретінде. (Қ.Қ. Өтепберген)
 
Босануға даярлау мектебі
 
Балалар мен жеткіншектердің психикалық денсаулығын сақтау. (Мұқатаева Ғ.Қ.)
 
Жастар денсаулық орталығындағы жеткіншектерге психологиялық көмек (Мұқатаева Ғ.Қ.)
 
Жеткіншектер денсаулығының тән, психика және әлеуметтік құрамдарын өздері бағалау. (Мұқатаева Ғ.Қ.)
 
Мінез-құлық ерекшеліктері бар жеткіншектерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету технологиялары. (Мұқатаева Ғ.Қ.)
 
Денсаулық сақтау саласының алғашқы сатысындағы мінез-құлық ерекшеліктері бар жеткіншектерге әлеуметтік-психологиялық көмек (Әдістемелік нұсқаулар) (Жүзжанов О.Т., Абзалова Р.А., Мұқатаева Ғ.Қ.)
 
Психологическая помощь подросткам в системе первичного здравоохранения. Денсаулық сақтау саласының алғашқы сатысында жеткіншектерге психологиялық көмек (Әдістемелік нұсқаулар) (Мұқатаева Ғ.Қ.)
 
Қазақстан Республикасының алғашқы денсаулық сақтау жүйесіне медициналық-әлеуметтік ыңғайдың ықпалдасуындағы азаматтық қоғамның рөлі 
 
Әлеуметті бағдарлы медициналық-санитариялық көмек (Абзалова Р.А.)
 
Әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласындағы қызметі. (Әлеуметтік нұсқаулар) (Абзалова Р.А.)
 
Әлеуметті бағдарлы БМСК денсаулық сақтау заманауи стратегиясының ретінде.
 
Жеткіншектердің психологиялық көмекте мұқтаждығын бағалау. (Ғ.Қ.Мұқатаева)
 
Алғашқы денсаулық сақтау қызметінің аддиктивті мінез-құлықты жеткіншектер токсикоманиясының алдын алудағы рөлі. (Әдістемелік нұсқаулар)
 
Нашақорлықты төмендету мен алдын алу бойынша алғашқы денсаулық сақтау медициналық-әлеуметтік қызметінің рөлі. (Әдістемелік нұсқаулар)
 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться