Әйедерді қарау бөлмесінің негізгі міндеті:
- жыл ішінде бірінші рет амбулаториялық-емханалық ұйымға жүгінген барлық әйелдерді созылмалы, ісік алды ауруларды және қатерлі жаңадан пайда болуларды ерте анықтау мақсатында жасы мен сырқат сипатына қарамастан міндетті профилактикалық қаралу;
- профилактикалық қаралу тері тексерісін, қалқанша без пальпациясын, перифериялық лимфалық түйіндер пальпациясын, көрінетін шырышты қабықты қарауды; сүт бездерін тексеру және пальминациялау; цитологиялық зерттеуге айнаға жағынды алу арқылы жатыр мойнын тексеру, жатырды, үстеме өсінділерді қол қолмен зерттеу; тік шекті саусақпен зерттеу; жатыр мойнының цервикальдық каналынан жұғынды алу және оны зерттеуге цитологиялық зертханаға бағыттауды қамтиды;
Сырқат күдігі бар және жыныс мүшелеріндегі қауіпті патологиялар айқындалған тұлғалар ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК гинекологына және Астана қ. Онкологиялық орталық онкогинекологына жіберіледі, басқа да патологиялар анықталған науқастар сәйкес мамандарға жіберіледі (гинеколог, маммолог, ЛОР-дәрігері, хирург және т.б.).