Әлеуметтік терапия мамандары дәрігерлермен, психологтармен және әлеуметтік жұмыскерлермен бірлесе жұмыс істей отыра мүмкіндіктері шектеулі адамдарға моральдық-психологиялық қолдау көсетеді және әр түрлі әлеуметтік терапия түрлеріне үйретеді: арт- терапиясы, бисермен тоқу, саздан мүсіндеу, кестелеу және тағы басқа. Барлық ниет білдірушілер өздеріне ыңғайлы уақытта кабинетке келе алады.
Қолөнер – әйелдердің көне кәсібі – күйзеліс, тоқырау, невроздан құтқарады, перспективтік ойды дамытады және жігерлік пен мақсатқа талпынушылықты тәрбиелейді. Мұнда Сіз тоқу мен кестелеудің (тығыздап, ришелье, крестик тәрізді), биссермен тоқу қыр-сырын тыныш және игілікті атмосферада үйренесіз.

Тұрғындармен жұмыс жөніндегі маман – Кикенова Кенжегуль Амангельдиновна.
Тоқу мен кестелеу бойынша оқытудан өтті, түрлі шығармашылық көрмелерге қатысқан сертификаттары бар және жүлделі орындарға ие болған. Бисермен тоқуды үйретеді. Жеке және топтық жқмыстар жүргізеді.


