Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
«Демеу» орталығындағы Жаңа жыл мейрамы
08.01.2016
Ең басты және жарқын Жаңа жыл мейрамының тойлану қарсаңында «Демеу» орталығында салтанатты іс-шара өтті. Оған біздің ұйымымыздың медициналық және медициналық емес қызметкерлері келді. Жүргізуші – психолог Тлепов М.Н. қызу қол шапалақтаумен сахнаға Жаңа жылдың бас нышандарын – Аяз Ата мен Қаршақызды шақырды. Жаңа жыл кейіпкерлерінің біздің Орталығымызға құттықтау сәлемімен келгені бірінші рет емес. Бұдан бұрын Аяз Атаның қатысуымен өткен Жаңа жыл шыршасында Демеу қызметкерлерінің балалары мен олардың ата-аналары қуанышқа, мерекелік көңіл-күй мен күтпеген сыйлықтарға ие болды.
Ертегі кейіпкерлері барлық қонақтарды мейраммен құттықтап, келесі сөзді «Демеу» отбасылық денсаулық орталығының директоры Р.А. Абзаловаға берді. Роза Абзалқызы Демеу қызметкерлерін құттықтап, олардың әрқайсысына жеке табыс, мансаптың жоғарлауын, оптимизм, емделушілермен жұмыс жасауда күш пен кәсіпқорлық тіледі. Аға мейіргер Нұрбекова Б.Ә. «Демеу» орталығының басшысынан жеке құттықтау сөзіне ие болды.
- Сізді мерейтоймен шын ықыласпен құттықтаймыз. Сізге қайнаған өмірдің ұзақ жылдарын, мықты денсаулық, ынтагерлік пен бақыт тілейміз – деп аяқтады Абзалова Р.А. және құрмет грамотасы мен суретті сыйға тартты.
Сахнаға ізінше әлеуметтік қызметкер Шонова Ә.Б. шығып, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған «Аяз Ата штабы «Лапландия» қайырымдылық акциясы туралы айтып берді. Барлық қалаушылар осы акцияға қатысып, сыйлық, ойыншық, кәмпиттер мен т.б. жинауға көмектесе алды. Балаларға қуаныш сыйлау үндеуіне белсенді үн қатқандар: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті «Әлеуметтану мен педагогика» кафедрасының студенттері мен оқытушылары. Еріктілер «Әлеуметтік терапия» кабинетінде өз қолымен жаңа жыл тақырыбындағы сыйлықтар мен ойыншықтар: шырша, аққала, кәдесыйлар жасады. 
Жаңа жыл қарсаңында 29 және 30 желтоқсан күндері әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар мүмкіндіктері шектеулі балалары бар және балалары ұйымдастырылмаған аз қамтылған 12 отбасыға барып, оларды құттықтап, жаңа жылғы сыйлықтарын берді.
Келесі болып сахнаға ағымдағы жылда жақсы нәтиже көрсеткен қызметкерлер шықты. «Демеу» орталығының директоры оларға алғыс хаттар мен біздің арт-терапевттеріміздің қолмен жасаған сыйлықтарын берді. Іс-шара халықаралық байқаулар лауреаты саксофоншы Аббас Аббасовтың және алғашқы Президент және ұлт көшбасшысы сыйлығының лауреаты  Руслан Тураевтың сахнаға шығуымен аяқталды.
Зады, тек жаңа жылғы мейрамдар әркімді, тіпті ең қатаң, естияр адамды балалық шаққа қайтара алып, көп әсер сыйлай алады. Біз барлығымыз ескі жыл мен жаңа жыл мәресінде ертегі мен жаңа жылғы ғажайыптарға сенеміз. 
Барлық «Демеу» қызметкерлерінің көңілді биі, хормен жүруі және тоқтаусыз күлкісі соған дәлел. Біз, бәріміз – балалармыз...
 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться