3 ақпан күні «Демеу» орталығының негізінде «Позитив» мектебінде психологиялық білім беру курсының шеңберінде қартамыстармен «Күйзеліс тұрақтылығы, оны жаттықтыру тәсілдері» тақырыбында сабақ өткізілді. Бұл сабақта: күйзеліс тұрақтылығы дегеніміз не, ол неге тәуелді, оның деңгейлері, оның артуына жағдай жасайтын факторлар сияқты сұрақтар талқыланды. Іс-шара барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ неге адамдардың күйзеліске тұрақтырақ бола алмайтыны жөнінде мәселе қарастырылды. Осы тақырыптың талқылануы келесі сабақта да жалғасады, сонымен бірге қартамыстарды өз күйзеліс тұрақтылығының деңгейін жаттықтыру әдісі ретінде босаңсу техникасына үйрету жоспарлануда.