Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Құтырма
12.02.2016
Бұралқы ит тістесе, онда ішке қырық рет ине шаншитынын әркім біледі. Шынын айтқанда, халықтың басым көпшілігінің құтырма туралы білімі осымен аяқталады. Сонда, бұл қандай ауру, одан қандай қауіп төніп тұрады және оны қалай емдеу керек? 
Құтырма дегеніміз не?
Құтырма – жұқпалы хайуанаттың тістеуінен пайда болатын, әдетте көз жұмуға әкеп соғатын жұқпалы ауру. Құтырма вирусы (Neuroryctes rabid) Rhabdoviridae тұқымдасынан Lyssavirus түрінің миксовирустар тобына жатады. Сілекей, сондай-ақ көз жасы мен зәрде табылады. 
Вирус сыртқы ортада әлсіз – 560С дейін қыздырғанда 15 минут ішінде, қайнатқан кезде 2 минут ішінде өледі. Ультракүлгін және тікелей күн сәулелеріне, этанол мен басқа да көптеген дезинфектанттарға сезгіш келеді. Бірақ төмен температураға, фенолға, антибиотиктерге қарсы тұра алады.  Құтырма вирусы ағзаға еніп кеткеннен кейін барлық жүйке жүйесін зақымдап, жүйке ұштары бойынша таралады. Ісіну, ішке қан құйылу, бас және жұлын миы жүйке жасушаларының дегенерациялық және некроздық өзгерістері байқалады.
Жұқтыру көздері
Құтырма вирусының көзі ретінде жабайы және үй хайуанаттарын атауға болады. Жабайыларға қасқырлар, түлкілер, қорқау қасқырлар, жанаттар, борсықтар, сасықиістілер, жарқанаттар, кеміргіштер, ал үй жануарларына – иттер, мысықтар, жылқылар, шошқалар, ұсақ және ірі қара мал жатады. Дегенмен, адам үшін ең үлкен қауіпті төндіретіндер – көктемгі-жазғы кезеңде қала сыртындағы түлкілер мен бұралқы иттер.
Жұқпалы хайуанаттар деп ауру белгілерінің пайда болуына дейін 3-10 күн алдындағы және ауырудың бар кезеңіндегі хайуанаттар есептеледі. Құтырмамен ауыратын хайуанаттарды ағыл-тегіл сілекейдің және көз жастың ағуы, судан қорқу белгілерінің байқалуы бойынша айыруға болады. Адамды «құтырған» хайуанат тістеген кезде құтырма жұғады. Сондай-ақ, науқас хайуанаттың сілекейі зақымданған теріге немесе шырышты қабығына түскен кезде де жұғады. 
Ол кезде не болып жатады?
Инкубациялық кезең (тістегеннен кейінгі және аурудың басталуына дейінгі кезең) орташа алғанда 30-50 күнді құрайды, алайда 10-90 күн де созылуы мүмкін, сирек жағдайларда – 1 жылдан артық. Айта кететіні, тістелген жер бастан неғұрлым алыс болса, инкубациялық кезең соғұрлым ұзақ созылады. Айрықша қауіпті бас пен қолдың тістелуі төндіреді. Аяқ тістелген кездегі инкубациялық кезең ең көп созылады. 
Сырқаттың 3 кезеңін айырады: І – бастапқы, ІІ – қозу, ІІІ – салдану.
Бастапқы кезеңі жалпы дімкәстік, бас ауруы, дене температурасының шамалы ғана жоғарлауы, бұлшықеттің ауыруы, ауыздағы құрғақтық, тәбеттің азаюы, тамақтағы ауырсыну, құрғақ жөтелден басталады, жүрек айну мен құсу да болуы мүмкін. Тістеген жерде жағымсыз түйсінулер пайда болады – дызылдау, қызару, созылмалы ауырсынулар, жоғарыланған сезгіштік. Науқас жабырқаңқы, тамақтан бас тартады, оның түсіндіре алмайтын қорқынышы, сағынышы, уайымы, депрессиясы, сирегірек – жоғары ашуланшақтығы пайда болады. Сонымен қатар ұйқысыздық, шатасу, иіс және көру елестеушіліктер тән. 
1-3 күннен кейін құтырмамен ауыратында екінші кезең – қозу басталады. Мазасыздық, уайым және осы кезеңге тән судан қорқу байқалады. Ішу кезінде, көп кешікпей ағып жатқан суды көру және есту кезінде де қорқыныш сезімі және жұтқыншақ пен көмей бұлшықеттерінің қатты жиырылуы пайда болады. Сырқаттың осы кезеңде адам ашуланшақ, тез қозатын, өте агрессивті, «құтырған» бола бастайды. Ұстама кезінде науқастар айқайлайды және сенделеді, адамға тән емес күш көрсетіп, жиһаз сындыруы, адамдарға тап беруі мүмкін. Жоғарыланған тері және сілекей бөлінуі байқалады, науқасқа сілекейді жұтуға қиын және ол оны әрдайым түкіріп тастайды. Бұл кезең әдетте 2-3 күн созылады. 
Кейін сырқаттың үшінші кезеңі басталады, оған тыныштану тән – қорқыныш, судан қорқу ұстамалары кетеді, сауығуға үміт пайда болады. Осыдан кейін температура 40-420С-ден жоғары көтеріледі, аяқ-қолдар салданады, сана-сезімі бұзылады, селкілдектер болады.  Демнің салдануынан немесе жүректің тоқтағанынан көз жұмады. Осылайша, сырқат ұзақтығы аптадан артық сирек созылады. 

Қалай емдеу керек?

Құтырмадан емделудің нақты бір әдістері жоқ. Егер сырқат бірінші кезеңде болса, тәрізі өліммен аяқталмауы мүмкін. Алайда, әлемде құтырмадан емделгендердің бірлі-жарым уақиғалары ғана мәлім. Бірақ бұл әлі таңсық. Бірақ ауруды ұрығында жойып, оның алдын алуға болады. Ол арнайы профилактика әдісі – тістегеннен кейін 14-ші күннен кешіктермей құтырмаға қарсы екпені жасау. Профилактиканың ең жақсысы – арнайы иммуноглобулинді жіберу және/немесе белсенді имунитеттеу (екпе жасау). Екпені бұлшықет арасына 1 мл-ден 5 рет: жұқтырған күні, кейін 3, 7, 14 және 28-ші күнде жібереді. Осындай үлгі кезінде жақсы иммунитет құрылады, бірақ ДДСҰ алғашқы инъекцияны жасаған соң 90 күннен кейін 6-ші инъекцияны жасауды ұсынады. Екпені жасау үшін ең тиімді жер – дельта тәрізді бұлшықет немесе сан. Егер адамды тістесе, бірақ тістегенге дейін толық үлгі бойынша екпе жасалса, онда оның антиденелерінің жеткілікті деңгейі болады, оған иммуноглубинді қолданбай, арнайы үлгі бойынша екпе жасайды. Егер хайуанаттың 10 күндік мерзімде сау екені байқалса немесе хайуанатта құтырма вирусы байқалмаса, онда ем тоқтатылуы мүмкін. Тәуекелдер тобына кіретін (ветеринарлар, кинологтар, аңшылар)  кейбір тұлғаларға екпені алдын ала жасау қажет. Сонымен қатар, арнайы орнатылған сызба бойынша 12 айдан кейін және кейін әр 5 жылда алғашқы қайта екпе жасалады.

Егер Сізді хайуанат тістесе, не істеу қажет?

Алдымен, тістеген жерді дереу сабынмен жуу керек. 10 минут бойы қарқынды жуу қажет. Терең жараларды сабынды су ағынымен, мысалы, пісек немесе түтік сүңгінің көмегімен жуған дұрыс. Жараларды күйдіру немесе оны тігу қажет емес. Осыдан кейін бірден ең жақын травмотологиялық пунктке жүгіну қажет, себебі құтырманың вакцина көмегімен алдын алу табысы Сіздің дәрігерге көмек үшін жүгіну шапшаңдығына өте қатты тәуелді. Травмотологиялық пункте дәрігерге келесі ақпаратты – хайуанаттың сипаты, оның сыртқы келбеті және мінез-құлқы, қарғыбауының болуы, тістеген мән-жайлары туралы мәлімдеген дұрыс. Кейін дәрігер тағайындаған екпелер курсын жүргізген жақсы. Ішке қырық екпені баяғыдан бері жасамайды, сізге екпе егіп, үйге жібереді. Осылайша 5 немесе алты рет.  
Егер ит немесе мысық қожайыны вакцинация туралы анықтаманы ұсына алмаса, онда хайуанаттың құтырмамен ауыратынын анықтаудың екі жолы бар. Бірінші жағдайда, хайуанаттың бас миының тін үлгісін алу үшін оны өлтіреді. Екінші жағдайда, хайуанат ветеринарлық емхана жанындағы карантинге 10 күнге орналастырылады. Егер осы уақыт ішінде хайуанатта құтырма әйгіленістері көрінбесе, онда ол сау болып есептеледі. 
Егер тістелгеннің хал-жағдайы аса ауыр болса, сондай-ақ жүйке жүйесінің аурулары немесе аллергиялық аурулары бар тұлғаларды, екпені қайтадан жасап жасатқан, соңғы екі ай ішінде басқа екпелер жасалған адамдарды және жүкті әйелдерді стационарда қалдыруы мүмкін. Екпе жасау уақытында және ол жасалған соң 6 айдан кейін спиртті ішімдіктерді ішкеннен қаймығу қажет. Бұдан басқа, егер сіз құтырмаға қарсы вакцинация курсынан өтіп жатсаңыз, әбден қажуға, қатты салқындауға немесе керісінше, қатты ысуға болмайды. Екпелер кезінде денсаулық жағдайын мұқият бақылау керек. Және хал-жағдайдың нашарлануына кез келген шағымдану кезінде дәрігерге жүгіну қажет, ал екпелерді уақытша тоқтатқан дұрыс. Тек невропатолог пен терапевт тексергеннен кейін ғана екпелерді жасауды жалғастыру мәселесі шешіледі. 

Алдын алу

Құтырмаға қарсы екі ресейлік вакцинасы бар – «мәдени құтырма вакцинасы» (МҚВ) (концентрациясы 0,5 ХБ/мл) және «концентрацияланған мәдени құтырма вакцинасы» (КоМҚВ) (концентрациясы 2,5 ХБ/мл). МҚВ вакцинасының басқа да атауы бар – Рабивак-Внуково-32 немесе жай ғана Рабивак. МҚВ көп мөлшерде және көп рет жіберіледі, сол себептен таңдау мүмкіндігі болса, КоМҚВ таңдаңыз.
Ресейлік нарықта құрамында әсерсіздендірілген вирусы бар (штамм Wistar, Rabies PM/Wi38–1503–3M) француз вакцинасы Верораб (Aventis Pasteur фирмасы) – 2,5 ХБ  және құтырманың әсерсіздендірілген (өлтірілген) вирусынан тұратын (штамм Flury LEP)  неміс Рабипур (Ciron Behring фирмасы) вакцинасы да ұсынылуда. 
Тағы да Имогам Раж деп аталатын француз екпесі де бар. Ол вакцинамен бір уақытта бір рет жіберілетін иммуноглобулин және құтырма вирусын жұқтыру күдігі бар тұлғаларға, әсіресе елеулі жағдайларда (ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес – тері бүтіндігін бұзатын жалғыз немесе көптеген тістеулер немесе тырнаулар кезінде) ұсынылады. 
Барлық вакциналардың жанама әсерлері шамамен бірдей: лимфатүйіндерінің аурушаңдығы, үлкеюі, ісінуі және тығыздалуы, жалпы дерттілік, әлсіздік, бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы, температураның жоғарлауы, сондай-ақ кейде  вакцинаның құрауыштарына аллергия болады. 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться