2016 жылдың 24 ақпанында «Демеу» отбасылық денсаулық орталығында әлеуметтік-психологиялық қызметінің маманы – әлеуметтік қызметкер Шонова Ә.Б. медицина қызметкерлерінің арасында «Отбасылық мейіргерлердің коммуникациясын дамыту» тақырыбына тренинг өткізді. Тренинг тобында мінез-құлық ережесі ескертілді. Тренинг коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған 3 жаттығудан тұрды. Біріншісі – ұжым тобын қалыптастыруға бағытталды. Екінші жаттығуда қатысушылар жұмыс күннің ішінде позитивті ойлануды қалыптастыру дағдыларына үйренді. Қорытынды, үшінші жаттығуда топ емделушілермен тілдесудегі өздерінің оң және теріс сапаларын талдады. Медицина қызметкерлері сабаққа белсенді қатысып отырды. Әр қатысушы әр кезекті жаттығудың соңында өз пікірін айтты. Аяқталысымен жаттықтырушы және қатысушылар бір-бірімен кері байланысты орнатып көрді.