Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Жыл сайынғы салт бойынша «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығында 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні тойланды. Осы жылы ер адамдар едәуір дайындалып, шоу көрсетті. Бұл туралы толығырақ біздің материалымызда...
14.03.2016
Өткен сенбі күні «Демеу» орталығында 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Біздің ханымдарымыз алғашқы құттықтауларға ұзақ демалыс күндердің алдындағы жұмыс күні иеленді.
Үлкен конференц-залда өткен мерекелік концертті СӨСҚ жөніндегі дәрігер Серімов А.М. ашты. Мереке жүргізушісінен кейін сахнаға салтанатты іс-шараның қалған басқа қатысушылары: мейіргерлер, скрининг кабинетінің дәрігерлері, ЕДШ, ІТ-мамандар және т.б. шықты. Құттықтау сөздерінен кейін жүргізуші мейрамның бірінші бөліміне өтті.
Күлкінің адам өмірін ұзартатыны ешкімге құпия емес. «Демеу» ерлері уақытты пайдамен өткізу мүмкіндігін пайдаланып, әзіл-сықақ көрсетті. Әзілдің тақырыптары әйелдерге арналған еді, ал нақтырақ айтқанда әйел затымен жиі болып тұратын жағдайлар. Олар көріністерді еппен ойнап, ешкімді немқұрайлы етіп қалдырмады.
Әзіл-сықақ бөлімін аяқтағаннан кейін Демеу жігіттері музыка бөліміне өтті. «Демеудің» барлық ер адамдары «Ах какая женщина» әнін бір ауыздан айтып, барлық сұлуларға арнады.
Кеш бисіз де өтпеді. Тамаша нөмірлерден: «Ақ аққулар биі», қазақ ұлттық биі «Қаражорға» және корей әншісі РSY "Gangnam Style" әсерлі биінен көрермендердің іштері күлкіден ауырды.
ЕДШ дәрігері және физиотерапевт Жанат Жандаевтың өткізген спорт сайысы әйелдердің арықтауына және сауығуына болысты. Сайыстар барысында біздің сұлуларымыз секіргішпен және доппен секірді, шеңбер айналдырды, уақыт пен жылдамдыққа дене жаттығуларын жасады. Дәрігердің пікірі бойынша кейбір қатысушылардың белдерінде сантиметрлер де азайды. Осы кеште Демеу қызметкерлері шын ниетпен Қазақстан эстарадасының жұлдыздары Қайрат Нұртастың, Беркүт пен Аишаның өлеңдерін ести отырып, караоке айтты және жұмбақтар шешті.
Кештің аяғында барлық қатысушыларға парақтар таратылды, онда әрқайсысы өз мінезінің теріс жақтарын, қиын өмір жағдайларын немесе жиі мазалайтын жаман ойлар мен эмоцияларды жазды. Ойлану үшін үш минут берілді, кейін барлық қағаздарды кішкене металл шелекке салып, ішіндегісін өртеді. Жігіттер осындай тиімді жолмен әркімнің жағымсыз сапалар мен қалыптан арылатынына, ақыл-ойын тазартып, жаңа бақытты өмірді бастай алатынына сенді!
Ақырында ер адамдар салтанаттың барлық жазықтыларына зор денсаулық, көктемгі қуаныш, күлкі мен барлық сырлы тілектерінің орындалуын тіледі және барлық ханымдарға жемістер сыйлады және баталарын берді. «Демеу» медицина орталығында әйелдердің саны ер адамдардың санынан көп болуына қарамастан, біздің джентельмендеріміз мерекені қызықты, көңілді және естен кетпейтіндей жасады! Рақмет Сіздерге қымбатты ер адамдар! 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться