Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
«Демеу» орталығында әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС мамандары және патронаж мейіргерлері (МСАК, Стационарлық, Перинаталдық орталықтардың) оқудан өтті
07.04.2016
2016 жылдың 25 наурызында әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды, СӨС мамандарын және патронаж мейіргерлерін (МСАК, Стационарлық, Перинаталдық орталықтардың) «Денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа медициналық-әлеуметтік технологиялар» тақырыбы бойынша оқытудың бірінші кезеңі өтті. Тыңдаушылар Отбасыларды қолдау жөніндегі орталықтарды, ата-аналар дағдыларын қалыптастыру жөніндегі мектептерді, МСАК деңгейінде патронаждық мейіргерлік қызмет көрсетудің әмбебап-үдемелі үлгісі жөніндегі мектептерді ашу туралы оқудан өтті.
Оқуға 52 адам қатысты. Тыңдаушыларға үлестірме материал таратылды: ЮНИСЕФ желісі бойынша әдістемелік құралдар мен «Демеу» оқу-тәжірибелік орталығы мамандарының зерттемелері. Р.А. Абзалованың, Г.Х. Құмарованың, Ж.С. Жандаулова мен В.Р. Байрактардың  презентацияларының электрондық нұсқалары медицина ұйымдарының электрондық пошталарына жіберілді. 2016 жылдың 5 сәуірінде оқудың екінші кезеңі өтті. «Демеу» орталығының мамандары «Әлеуметтік жұмыс пен психология саласындағы кәсіби супервизия туралы тұжырымдамасы», «Медицина ұйымдарында кәсіби супервизия үдерісін ұйымдастыру», «Кәсіби супервизияның типтік процедуралары», «Әлеуметтік жұмыстағы кейс менеджмент», «Эмоциялық күйіп кетудің алдын алу және мамандарды қолдау» тақырыптарына презентациялар дайындады. Оқуға 40 адамдай қатысты. Дәріс барысында денсаулық сақтаудың Алғашқы буынына кәсіби супервизия тетігін енгізу және МСАК басшыларын етіп денсаулық сақтау саласында 3 жылдан астам тәжірибесі бар әлеуметтік қызметкерлер, психологтар ішінен супервизорды тағайындауды ұсынылды. Р.А. Абзалованың, Г.Х. Құмарованың, Ж.С. Жандаулова мен Ж.Ж. Жанабекованың  презентацияларының электрондық нұсқалары МСАК электрондық пошталарына жіберілді. 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться