Қонақтар үшін медициналық Орталық ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды, қонақтар жалпы практика дәрігерлері мен мейіргерлері, Әлеуметтік-психологиялық қызмет, СӨС, арт-терапия, босануға дайындық кабинетінде және тағы басқа кабинеттерге кіріп шықты. Орталық директоры Абзалова Р.А. халыққа алғашқы медициналық-санитариялық қызмет көрсетудің әлеуметтік бағдарланған үлгісінің бүгінгі күні қандай рөл атқаратындығын айтып берді. Қонақтарды қиын өмір жағдайындағы адамдарға көрсетілетін әлеуметтік және психологиялық қызметтердің алуан-алуан түрлері қызықтырғанын айтып кеткен жөн.