ШЖҚ «Демеу» ОМОТО МКК емделушілеріне
емдік денешынықтыру жөнінде
емдік денешынықтыру жөнінде
ЕДШ (емдік денешынықтыру) немесе ЕГ (емдік гимнастика) мөлшерленген бағытталған қозғалыс көмегімен ауруларды емдеу және олардың алдын алуын білдіреді. ЕДШ түпкілікті мақсаттары – адамның денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру, патологиялық үдерістің асқынуларын алдын алу. Емдік денешынықтыруда, фитнес пен спортпен салыстырғанда, нақты бір емделушінің сырқатын емдеу үшін жаттығулар арнайы таңдалады, олардың ұзақтығы мен мөлшері жеке-жеке тағайындалады. Тек дәрігер ғана емдік денешынықтыру бойынша сабақ тағайындай алады. Созылмалы науқас үшін қозғалыстың орнын ешқандай дәрі баса алмайды, керісінше, көптеген дәрілерді қабылдағанша, оларды жаттығулармен алмастыруға немесе азайтуға болады. ЕДШ ағзаның сырқатпен күресуде күштерін арттыратын емдеудің табиғи әдісі.
Науқас өзі жасайтын қозғалыстар белсенді қозғалыстар деп аталады. Кейбір емделушілерге емдік қозғалыстарды жасауға көмектесу қажет, ЕДШ дәрігері немесе нұсқаушысы жасайтын қозғалыстар – пассивті қозғалыстар.
Науқас өзі жасайтын қозғалыстар белсенді қозғалыстар деп аталады. Кейбір емделушілерге емдік қозғалыстарды жасауға көмектесу қажет, ЕДШ дәрігері немесе нұсқаушысы жасайтын қозғалыстар – пассивті қозғалыстар.
Емдік денешынықтырумен айналысудың арқасында:
- Қанайналым күшейеді, әсіресе мақсатты көп істелген дене аймақтарында; қан тамырларының жалпы тонусы көтеріледі;
- Зат алмасу жанданады, тіндердің қоректенуі жақсарады, ол барлық ішкі ағзалардың жұмысын едәуір жақсарады, сондай-ақ қан іркілуін және қантығынның пайда болуын болдырмайды;
- Буын, соның ішінде омыртқа жотасы қозғалғыштығының қалпына келу үдерісі жүреді;
- Тонус қалпына келеді және бұлшықет күші артады, ал қажетті жағдайда – керісінше, тарылған бұлшықет топтары босаңсиды;
- Бұлшықеттер сіңірлері мөлшерленіп созылады, бұл дене иілгіштігін арттырады;
- Ағзада табиғи «қуаныш гормондары» өңделеді, бұл жалпы психикалық қалыпты жақсартады және денені сауықтырады;
- Адамның бейспецификалы иммунитеті күшейеді.
ШЖҚ «Демеу» ОМОТО МКК-да ЕДШ төмендегі қалыптар кезінде жүргізуге болады:
Жүрек-тамырлық жүйе аурулары:
- Жүректің ишемиялық ауруы (жүрек қыспасының ширығуына дейін ФК І-ІІ);
- Гипертониялық сырқат І-ІІ кезең;
- Нейроциркуляциялық сырқат І-ІІ кезең;
- Тамырлардың варикоздық кеңеюі;
- Флебэктомиядан кейінгі қалып (2 аптадан артық);
- Жүрекке операциялық шара қолданылғанға дейін және қолданылғаннан кейін (2 аптадан бұрын емес) (қолқа-тәждік шунттау, стенттеу, ангиопластика).
- Асқазан-ішек жолдарының аурулары (жіті кезеңнен тыс);
- Өт шығатын жолдардың дискинезиясы;
- Тасты емес холецестит;
- Атониялық және түйілмелі колит;
- Созылмалы панкреатит.
- Тыныстық жүйе аурулары (жіті кезеңнен тыс);
- Созылмалы бронхит;
- Пневмония;
- Плеврит;
- Бронхылық демікпе;
- Бронхоэтаздық ауру.
- Несептік-жыныстық жүйе аурулары (жіті кезеңнен тыс);
- Әйел жыныстық ағзаларының созылмалы қабынуы;
- Созылмалы простатит.
- Перефериялық және орталық жүйке жүйелерінің жарақаттары мен ауруларының салдары:
- Невриттер, радикулиттер, плекситтер;
- Шала салданулар және сал аурулары.
- Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары (жіті кезеңнен тыс):
- Сорбуын, артроз;
- Құздамалық сорбуын;
- Соғылу, байламның бүлінуі, бурсит;
- Жалпақ табан;
- Буындық сіресім;
- Остеохондроздың әртүрлі көріністері;
- Сколиоз бен кифоз.
- Профилактикалық мақсаттарда:
- Кеуде және іш қуысының ішкі ағзалары операциясына дейін және операциядан кейін (2 аптадан бұрын емес);
- Организмнің жалпы тонусын арттыру – бейспецификалы иммунитеті нығайту;
- Дененің артық салмағын түзету және бұлшықет топтарын жергілікті күшейту.
ЕДШ абсолютті түрде қарсы көрсетілген:
- Жоғары дене қызуы мен жалпы уыттанумен (дерттілік, эритроциттердің шөгу жылдамдығының артуы, лейкоцитоз және т.б.) жіті жұқпалы және қабыну аурулары;
- Кез келген созылмалы аурудың асқынуы және оның шырқауы;
- Жоғары дене қызуы;
- Кез келген генездің қатты ауырсынуы;
- Осы уақттағы қан кету немесе қозғалу белсенділігіңн артуына байланысты оның даму қаупі;
- Қатерлі ісіктер немесе оларға күдіктену;
- Жіті бұзылған интеллектпен психикалық аурулар;
- Ірі тамырлар мен жүйке діңдерінің жанындағы бөгде денелердің болуы;
- Коронарлық және ми қанайналымының жіті бұзылысы;
- Жіті тромбоздар мен эмболиялар;
- Қанайналым мен тыныс алу декомпенсациясымен жүрек-тамырлық жеткіліксіздіктің артуы (ЭКГ теріс динамикасы, жүрек қыспасының ширығуы ІІІ-ІV ФК, тыныштық стенокардиясы);
- Жүрек ырғағының ауыр бұзылыстары (жыбырлақ аритмия, экстрасистология, жүрекше-қарыншалық бөгеліс);
- Миокардтың жіті инфарктісінен кейін 2 аптадан кем өтуі;
- Қолқа мен ірі тамырлардың аневризмалары;
- Өкпенің белсенді кезеңдегі туберкулезі;
- Науқастыңбірден әлсіреуі (кахексия);
- Созылмалы аурулардың декомпенсациясы кезінде.
Физиотерапиялық қызметтер 1 Дәрігер-физиотерапевттің алғашқы қабылдауы: қарау, медициналық құжаттаманы зерделеу, тағайындаулар 1 келу 1 100 2 Дәрігер-физиотерапевттің қайта қабылдауы 1 келу 800 3 «ОУФК-01» сәулелендіргішпен УКС 1 келу 600 4 «ОУФК-01» сәулелендіргішпен УКС 10 келу 5 000 5 «АЛМАГ-01» аппаратымен магниттік емдеу 1 келу 800 6 «АЛМАГ-01» аппаратымен магниттік емдеу 10 келу 7 000 7 «Soleo Sonostim» аппаратымен ультрафонофорез (УЗТ) 1 келу 1 000 8 «Soleo Sonostim» аппаратымен ультрафонофорез (УЗТ) 10 келу 9 000 9 «Soleo Sonostim» аппаратымен электротерапия (диадинамотерапия, TENS, терапия прямоугольными токами, гальванизация, интерференция и др.) 1 келу 900 10 Электротерапия аппаратом «Soleo Sonostim» (диадинамотерапия, TENS, тікбұрышты тоқпен емдеу, гальванизация, интерференция және басқалары) 10 келу 8 000 11 «УВЧ-60 МедТеко» аппаратымен УЖЖ емдеу 1 келу 500 12 «УВЧ-60 МедТеко» аппаратымен УЖЖ емдеу 10 келу 4 000 13 «Поток-1» аппаратымен электрофорез 1 келу 1 000 14 «Поток-1» аппаратымен электрофорез 10 келу 9 000 15 «АМД-ДАРС» аппаратымен дарвонсализация 1 келу 800 16 «АМД-ДАРС» аппаратымен дарвонсализация 10 келу 7 000 17 «Compressor Nebulizer NE-C28P Omron» аппаратында дәрілік заттармен тамақ булау 1 келу 900 18 «Compressor Nebulizer NE-C28P Omron» аппаратында дәрілік заттармен тамақ булау 10 келу 8 000 Емдік дене шынықтыру 1 Дәрігер-реабилитологтың алғашқы қабылдауы: қарау, медициналық құжаттаманы зерделеу, миофасциялық нақтама, емдеу гимнастикасын және физиотерапияны тағайындау 1 келу 1 500 2 Дәрігер-реабилитологтың қайта қабылдауы 1 келу 1 200 3 ЕДШ топтық сабағы (ауру топтары бойынша үш және одан да көп емделуші) 1 келу 900 4 ЕДШ топтық сабағы (ауру топтары бойынша үш және одан да көп емделуші) 10 келу 8 000 5 ЕДШ жеке сабағы 1 келу 2 000 6 ЕДШ жеке сабағы 10 келу 18 000 7 ЕДШ профилактикалық топтық сабағы (денсаулық топтары бойынша үш және одан да көп емделуші) 1 келу 1 500 8 ЕДШ профилактикалық топтық сабағы (денсаулық топтары бойынша үш және одан да көп емделуші) 10 келу 13 000 9 ЕДШ профилактикалық жеке сабағы 1 келу 2 000 10 ЕДШ профилактикалық жеке сабағы 10 келу 18 000 11 Бейімделген механотерапия сабағы (жеке - 1-2 емделуші) сабақтардың бірінші циклы 1 келу 2 600 12 Бейімделген механотерапия сабағы (жеке - 1-2 емделуші) сабақтардың екінші циклы 1 келу 2 300 13 Бейімделген механотерапия сабағы (жеке - 1-2 емделуші) сабақтардың үшінші циклы 1 келу 2 100 14 Бейімделген механотерапия сабағы (жеке - 1-2 емделуші) сабақтардың төртінші циклы 1 келу 1 800