Біздің медициналық ұйымымызда сарапшылар «Демеу» орталығының қызметімен танысты. Олар тіркеу орнынан бастап, емделуші бағдарымен жүруді шешті. Тіркеушілермен әңгімелесіп алып, қонақтар мамандар қабылдауына жазу журналын қарады, электрондық жазба жүйесінің жұмысын тексерді, сондай-ақ нақты сұрыптап бөлінген және тіркеушілердің қатаң бақылауындағы емделушілердің амбулаториялық карталары сақталатын тіркеу орнының «қоймасында» болды.
Жоғары қызметтегі қонақтардың келуіне қарамастан, «Демеу» оқу-тәжірибелік орталығы күнделікті режимде жұмыс жасады, медицина қызметкерлері емделушілерді қабылдады. Кейін ДССҰ өкілдері дәрігерлер мен мейіргерлердің, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың, гинеколотар мен акушерлердің кабинеттерін, балалар мен оңалту бөлімшелерін, босануға даярлық жөніндегі мектепті, сау бала, СӨС, арт-терапия, ЕДШ, скрининг кабинеттерін қарады, онда сол мамандардың жұмысы көрсетілді. Медицина ұйымының қызметіне санақ бақылауын жүзеге асыратын мамандардың санақ кабинеті де шетте қалмады. Отбасылық орталықтың қабырғасына орнатылған ақпараттық стендттерді (кестелер, кітапшалар), медициналық құрылғыларды қонақтар ынталана суретке түсірді. Италиядан келген сарапшы Francesca Romana Pezzella өздігінше өзінің артериялық қысымын өлшеп алды. Осыдан бұрын бізге Дүниежүзілік банктің халықаралық кеңесшісі Антонио Дюран, сондай-ақ ҚР ДСӘДМ өкілдері келген болатын.