Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Мереке күндерінің алдында «Демеу» оқу-тәжірибелік орталығында 3 ерекше мәні бар күндерін: Халықаралық мейірбике күні, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін тойлау құрметіне салтанатты іс-шара өткізілді.
19.05.2016
Кеш жүргізушілері сарапшы дәрігер Төлегенова Айжамал Тынарбайқызы мен психолог Байрактар Вилена Ринатовна болды. Алғаш құттықтау сөзі «Демеу» орталығының директоры Р.А. Абзаловаға берілді. Бірінші басшының құттықтау сөзінен кейін мерекелік бөлім басталды.
         Осы жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толды.  1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия хабарландырусыз және оның одақтастары Кеңес одағына шабуыл жасады. 1945 жылдың 9 мамырында біздің әскеріміз Ұлы Отан Соғысында жеңіске жетті.  Осы ұлы күн қарсаңында конференц-залдың үлкен экранында өз жас және есейген шағын арнаған қаһармандар туралы бейнесюжет көрсетілді.
         Отан қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне әйелдер Демеу ер ұжымын ертегілер мен тілектердің орындалу әлеміне малшынуға шақырды. «Перизат және оның көмекшілері» нөмірінің әр қатысушысына арнайы дайындалған «арманның ертегі бұрама қағаздары» берілді, онда әр алуан тілектер болды, солардың ішінде психолог Ж.Ж. Жанабекованың махаббат тақырыбына өлеңді мәнерлеп айтып беруі,  «ертегі перизаты» - СӨСҚ жөніндегі мейіргер О.Б. Рахимованың Үнді стилінде таңғажайып шығарып салуы, шаруабике Д.О. Омаровадан музыкалық сыйлық және тағы басқа көптеген сыйлықтар болды. «Демеу» орталығының барлық ерлері әр сыйлыққа риза болды.
         «Демеу» орталығының мейіргерлері де құттықтауларын қабылдады. 12 мамыр күні бар әлемде Халықаралық мейірбике күні тойланады. Осы күн кенеттен таңдалмаған. 19 ғасырдың басында, 12 мамыр күні бүкіл әлемде мейірбике ісінің дамуына зор үлес қосқан, мейірбике қызметінің негіз салушысы Флоренс Найтингейл дүниеге келді. Оның құрметіне бейнефильм көрсетілді.
         Фильм көрсетілімінен кейін жүргізушілер марапаттау рәсімінің салтанатты бөліміне көшті. «Демеу» отбасылық денсаулық орталығының халқын сауықтыруға салмақты және құнды үлесі үшін және Халықаралық мейірбике күнінің тойлануына байланысты Оразалина Г.Н., Нұрғалиева Г.А., Абуова Г.Ж., Кисикова Д.А., Жүсіпова Г.Ж., Утяпова Г.Ғ. алтын дипломмен марапатталды. 
Демеуде 6 мамыр ерекше күн болды. Өйткені осы күні алғаш рет Қазақстанда медициналық ұйымда көрнекті мейірбике Бақыт Әубәкірқызы Нұрбекованың құрметіне медаль жасалды, ол «Демеу» отбасылық медицина орталығының мейірбике ісіне зор үлес қосты. Оның тікелей қатысуымен жаңа инновациялық жобалар жасалды, мейірбике ісіндегі ең соңғы технологиялар әзірленді, олар бүгінгі күні біздің Орталығымызбен қатар бүкіл республикада қолданылуда. Ол 5 бөлім ұйымдастырылған Тәуелсіз Мейіргерлік Комитеттің құрылуына;  денсаулық сақтау саласының басым бағыттары бойынша профилактикалық Мектептер мен тәлімгерлік мектептер мейіргерлерінің қызметін ұйымдастыруға; мейіргерлік іс бойынша тренер-оқытушыларды дайындауға қатысты. Денсаулық сақтау саласындағы жұмыс өтілі 40 жылдан астам, 12 жылдай аға мейіргер лауазымында жұмыс істеді. «Демеу» орталығында жұмыс жасау кезінде Қазақстанда және шетелде біліктілікті арттырудың көптеген курстарынан өтті, соның ішінде Финляндияда Мейіргер ісі жөніндегі білім беру бағдарламасына фин әріптестерімен бірге «Мейіргер ісі» бакалаврының қолданбалы бағдарламасы үшін қатысты.
         Отбасылық медицина орталығындағы мейіргерлік істінің дамуына зор үлес қосқаны үшін «Демеу» ОМОТО директоры Абзалова Р.А. аға мейіргер Б.Ә. Нұрбекованы  алғашқы атаулы медалімен марапаттады. Б.Ә. Нұрбекованың атындағы медалінің келесі иегерлері: Таушева Г.А., Жексембекова А.А., Тезекбаева А.Ж., Рахимова О.Б., Баяндина Г.Т., Қасембекова Б.К. 
         Ең күптігей сәті дауыс беру қорытындысын шығару және «халықтың пікірі бойынша ең үздік мейіргер» атағына конкурстың жеңімпаздарын атау болды. Бір ай бойы «Демеу» орталығының емделушілері сыни түрде ойлай алатын әлеуметтік-бағдарланған мейіргердің барлық сапаларын есепке ала отырып, өз дауыстарын берді. Және өз таңдауын жасады!
         Халықтың пікірі бойныша 28 дауыспен Абылай хан даңғылы 1 мекенжайында орналасқан Демеу орталығының ең үздік отбасылық мейіргері – Бәкенова Б.Т. болды, алтын дипломмен марапатталды. 1 дауысқа кем алған Атабаева Б.К. күміс дипломмен марапатталды, үшінші орынға 12 дауыспен Садырбекова А.Қ. ие болып, қола дипломмен марапатталды. «Демеу» орталығының Тәуелсіздік даңғылы 11/1 мекенжайындағы басқа ғимаратында дауыстар келесі жолмен бөлінді: бірінші орын Г.А. Мирмановаға (14 дауыс), күміс диплом Ж.Б. Райымбековаға (13 дауыс), үшінші орын А.С. Алтынбекке (10 дауыс) берілді. Барлық жүлдегерлер дипломдар мен естелік раушан гүлдер алды. Іс-шара сүйкімді қыздардың би флэшмобымен, айбарлы жігіттердің күлдіргі нөмірлерімен аяқталды және өз есігін жаңа ашқан кафетерийдегі шай ішумен жалғасты. Қонақтарды дәмді, жаңа әзірленген және хош иісті пісірілген нан тағамдары күтті.  
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться