Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
2016 жылдың 13 мамырында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы алғаш рет «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығының негізінде «Әлеуметтік жұмыс, психология: бастамалар, болашағы, барысы» тақырыбында конференция ұйымдастырды.
25.05.2016
Осы іс-шараға 179 маман қатысты: ҚР ДСӘДМ өкілдері, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы,  халықаралық ұйымдар: БҰҰ Балалар ұйымы ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер және еріктілер қауымдастығы, Назарбаев Университетінің әлеуметтік қызметкерлерді және психологтарды дайындау жөніндегі кафедра, Мәскеу қаласының «Рухани Даму Орталығы» аймақаралық қоғамдық ұйым, мемлекетті медициналық ұйымдар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, үкіметтік емес әлеуметтік ұйымдар, Астана қаласы Медицина университетінің отбасылық дәрігерлерді дайындау жөніндегі кафедра өкілдері.
         Форумды ҚР ДСӘДМ Әлеуметтік қызметтер департмаентінің директоры Тулегалиева А.Г. ашты. Баяндамалармен шыққан: Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі Оксамитный Ю., Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғожина С.О., ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің МСАК жөніндегі бас штаттан тыс маманы Абзалова Р.А., Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер және еріктілер қауымдастығының өкілі (Алматы қаласы) Хәкімжанова Г.Д., психолог, Мәскеу қаласының «Рухани Даму Орталығы» аймақаралық қоғамдық ұйымының үйлестірушісі Шахновская және тағы басқалар. 
         Ғылыми-тәжірибелік конференция әлеуметтік қызметкерлердің және психологтардың кәсіби құзыреті, әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру, жаңа медициналық-әлеуметтік технологиялар, салауатты мінез-құлық үлгісін қалыптастыру аспектілері, халық өмірінің сапасын жақсарту, бөлімаралық және ведомствоаралық ынтымақтастық тақырыптарына арналған болатын.
         Осы конференцияда келесі мәселелер қарастырылды:  
Конференция қатысушыларының баяндамалары мен тезистері «Қазақ білім беру академиясының баяндамалары» ғылыми журналында  жарияланатын болады.
Әлеуметтік жұмыс және кадрларды дайындау саласында білім беру; әлеуметтік жұмыс пен психологиядағы инновациялық технологиялар екі секциялық сабағында келесі тақырыптар қарастырылды:  
Әлеуметтік жұмыс, психология саласындағы ең үздік, адал ниетті, тәжірибелі мамандар «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік психолог» номинацияларында «Алтын дипломмен», «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сонымен бірге «7 миллиард игі іс» халықаралық әлеуметтік жобалар қорытындылары шығарылды, мамандар Халықаралық әлеуметтік жобаларда қатысқаны үшін «Үздік ұйым», «Алтын диплом», «Құрмет грамотасы», «Алғыс хат» номинацияларында  марапатталды.
Конференция аяғында әлеуметтік жұмыс пен психология саласындағы мамандар қарар дайындады, ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жолданды. 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться