Мамырдың соңғы күнінде Астана қаласының медицина ұйымдарының арасындағы Спартакиада-2016 аяқталды
02.06.2016
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2016 жылдың 31 мамырында Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Астана қаласының медицина ұйымдарының арасындағы Спартакиада-2016 салтанатты жабылды. Осы күні Спартакиада ұйымдастырушылары жеңіл атлетика және арқан тартыс бойынша қорытынды жарыс (эстафеталық жүгіріс) өткізді. Барлық қатысушылар толығымен өз жылдамдық-күш сапаларын көрсетті.
Әрқайсысы адреналин, эмоциялар және ұмытылмас әсерлер толқынын сезінді. Іс-шара аяқталуымен барлық спортшыларды мерекелік концерт күтті, жеңімпаздар жүлделермен және ақшамен марапатталды.