Осы іс-шараға 120-ға жуық мектепке дейінгі балалар қатысты. Балалар көп бояулы суреттер салды, осылайша олар өз әсерлерімен бөлісті. Біздің іс-шарамыздың мақсаты – балаларға бақыт, көңіл мен қамқорлық сыйлау болды.
Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған келесі байқау «Кішкентай аспаз» болды, ол «Демеу» ОМОТО негізіндегі кафетерия әкімшілігімен бірлесе өткізілді. Жас бибілер банан йогуртын, көкөністерден шашлык жасады. Мақсаты: балаларға ерте жастан бастап дұрыс, салауатты және дәрімені бар тамақтануды көрсету.
Сонымен қатар, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекесінің негізгі ұйымдастырушысы болған Астана қаласының Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына осы мерекені ұйымдастыруға «Демеу» орталығының әлеуметтік-психологиялық қызметі де көмектесті.
«Бала – өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» атты мерекелік бағдарлама Астана қаласының «Жастар» театрында 2016 жылдың 1 маусымында сағат 11.00-де өтті. Бағдарламаның бірінші бөлімінде Астана қаласының Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы балаларының қатысуымен «Ақыл Патшалығы» ертегісінен құттықтауларға, тосын сәттерге толы үзіндімен концерттік бағдарлама әзірленді. Мейрамға балаларды құттықтау үшін Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы – Оспанов Ермек Сабырбекұлы, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы – Мыңбаев Сәрсенбай Бердалыұлы, Орталық директоры Баймағамбетова Рысты Жағапарқызы, Астана қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері және т.б.
Балаларды қорғау күніне орай балалар жұмыстарының көрмесі дайындалды: «Күн шеңбері», онда мүмкіндіктері шектеулі балалардың қолдан жасаған бұйымдары көрсетілді.
Бағдарламаның екінші бөлімінде балалар үшін тәттілерге толы дастарқан жайылды, сонымен қатар, Ресей балет жұлдызы Анастасия Волочкованың және Қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен тосын сый ұйымдастырылды.