Осы ерекше мәні бар күннің қарсаңында, өткен жұма күні «Демеу» оқу-тәжірибелік орталығында салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара жүргізушілері болды: Бирюченко Н.Л. және Төлегенова А.Т. Құттықтау сөзімен сахнаға «Демеу» орталығының директоры Абзалова Р.А. шықты. Ол «Демеу» ұжымына зор денсаулық, бақыт, жұмыс пен жеке өмірде табыс тіледі. Кейін үздік медицина қызметкерлерге салтанатпен құрмет көрсетілді. Адал еңбегі, емделушілерге деген қайырымыды және қамқоршыл қатынасы, жоғары кәсіпқойлығы үшін алтын дипломмен марапатталды: Бақыт С., Богданова В. В., Джумагулова Ш. К., Джакина К. К., Слямова Д. Р., Амренова С. К., Сакыбекова А.П., Семиютин К. К., Сатенова З.А., Молдахметова А. Д. және тағы басқалар. «Мамандыққа берілгендік» номинациясынада жұмыстағы белсенділігі, құлшынысы, адалдығы және жоғары кәсіпқойлығы үшін алғыс хаттармен бала дәрігерлері: Ковалёва В. И., Дюсенғалиева Г. Ж. және Байболова М.К. марапатталды. «мамадындыққа берілгендер» номинациясында марапатталған акушер-гинекологтар: Тоқтаубаева А.С. және Раева Д.С. Халықты сауықтыруға зор үлес қосқаны және командалық жұмыста кәсіби жетістіктері үшін «Үздік учаскелер» номинациясында құрмет жалаушаларымен 5 учаске марапатталды: 6-ші, 8-ші, 5-ші, 14-ші және 16-ші учаскелер. Бұл учаскелер үздік жұмыс пен командада тиімді жұмыс жасау іскерліктерін көрсете білді. Әр жылы бүкіл әлемде 8-ші маусым күні тойланатын Халықаралық әлеуметтік қызметкер күнін мерекелеу қарсаңында, жұмыстағы белсенділігі, құлшынысы, адалдығы және жоғары кәсіпқойлығы үшін «Демеу» орталығының Әлеуметтік-психологиялық қызметі марапатталды.
Біздің әріптестеріміз: отбасылық дәрігер Шарипжанова И.М., отбасылық мейіргерлер Жексембекова А.А., Нұрғалиева Г.А. және Жүсіпова Г.Ж. үшін Алматы қаласында 2016 жылғы 8-9 маусым аралығында отбасылық медицина бойынша өткен конференцияға қатысу маңызды болды.
Салтанатты іс-шара барысында сахнаға жас жұлдыздар – «Демеу» орталығы қызметкерлерінің балалары шықты: Бақыт Толғанай (музыкамен сүйемелдеу) және Әбдіхалық Аяру (үнді биі). Әзіл-сықақ сауығы қалыптасқан дәстүр бойынша «Демеу» орталығының ер азаматтары ұсынды. Сонымен бірге, СӨСҚ жөніндегі мейіргері мен қарау кабиниетінің мейіргерінің орындауында «Алло» әніне сайқымазақ келтірілді. Барлық қатысушылардың көңілі көтерілді.