Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Өткен сейсенбі күні «Демеу» медицина орталығының конференц-залында жиналыс өтті, оның барысында міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге қатысты мәселелер талқыланды.
29.06.2016
ЖПД бөлімінің меңгерушісі Жүнісова Г.Т.  2017 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыруды кезең-кезеңмен енгізудің егжей-тегжейлі презентациясын ұсынды. Ол бағдарлама артықшылықтары туралы айтып берді, соның ішінде медициналық сақтандырудың әлемдік тәжірибесін көрнекі түрде көрсетті. Жүйе мемлекеттің, жұмыс жасайтын қазақстандықтардың, жұмыс берушілердің және өзін-өзі жұмыспен қамтышулардың міндетті сақтандыру төлемдерінен құралатын болады. «Жұмыскерлердің жарналары 2019 жылдан басталады – табыстан 1 %, 2020 жылы – 2 %. Жұмыс берушілер жарналары жұмыс берушінің табысынан 5 % құрайды. Бұл ретте аударымдар 2% -дан 2017 жылда басталады, 3% - 2018 жылы, 4 % - 2019 жылы, 5 % - 2020 жылы» -деп ескертті Гүлнәр Түлешқызы. Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жарналарды жасауға міндеттенді. Бұл ретте де мөлшерлеме көлемі кезең-кезеңмен ұлғаятын болады. Мемлекет орта айлық жалақыдан 2017 жылы бюджеттің 4 %-ын, 2018 жылдан бастап – 5 %, 2023 жылы – 6 %, 2024 жылдан бастап – 7 %  аударатын болады. 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться