Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Сақ болыңыз, Сібір жарасы!
30.06.2016
Cібір жарасы дегеніміз не?
 
Түйнеме (Сібір жарасы) – зоонозды, аса қауіпті, қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін, тері қабатының карбункул тәрізді зақымдалуымен, қызба және интоксикациямен, кейде сепсис дамуымен сипатталатын жұқпалы аурудың түрі. "Сібір" атауы осы дерттің XIX ғасырда Сібір аймағында он мыңдаған мал мен мыңдаған адамдардың қырылуының себебі болған үлкен эпизоотия мен індеттің пайда болуына байланысты берілген. Қазақстан Республикасында, соның ішінде біздің облысымызда медициналық қызметкерлерімен профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуіне байланысты бүгінде түйнемемен ауыру күрт төмендеді.
Алайда малдардың өліктерін жүйесіз көмумен байланысты түйнемені жұқтыру қаупі бүгінге дейін біздің аймақта сақталып тұр. Ақтөбе облысында түйнеме бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы. Адамдар арасында түйнеме ауруы 2004 жылы Мұғалжар ауданының Ембі қаласында тіркеліп, 7 адам ауырды. Жұқтырғыш көзі – ірі қара малы. Мысалы, облыс территориясында 105 стационарлы-қолайсыз бекеттер тіркелген. Белсенді ошақтар жоқ.
Бұл аурудың қоздырғышы – микроб, "сібір жарасының таяқшасынан" шыққан. Ол ауру малдың қанында, зақымдалған барлық мүшелер мен тіндерде және ауру малдың дәреті мен нәжісінде кездеседі. Әсіресе, қоздырғыш малдың өлім алдында бөлінетін серозды сұйықтығында көп болады. Сібір жарасының таяқшасы жайлау топырағына, ашық су қоймаларының суына түседі. Тасқын, ағынды және жер асты сулары мал зираттарынан оны жер бетіне алып шығуы мүмкін. Микроб сыртқы ортаға әдетте төзімді, тығыз қабықшамен қапталған спора түзеді, қайнатқанда 10 минутқа дейін шыдайды, қыста аяздан, жазда ыстықтан өлмейді.
Ескі мал зираттарында споралардың өмір сүру бейімділігі малдарды көмгеннен кейін 30-40 және одан да көп жылдардан кейін байқалады. Спора сиырдың, қойдың, жылқының, шошқаның, түйенің, есектің ағзасына түсіп, сібір жарасының таяқшасын түзеді, содан кейін көбейіп, қан арқылы тарап, 1-3 күннен кейін ауру тудырады. Бұл ауру жануарларда әдетте ауыр түрде өтеді және көбіне ішектің бұзылысымен басталады. Ішектің кебуі, қызудың көтерілуі байқалады. Зәр мен сүтте қан көрінеді. Екінші-үшінші күні мал өледі.
Түйнеменің таралуына үй жануарлары арасында қансорғыш буынаяқтылар да себепші болады, бұлар – шыбын, масалар. Жануардың терісінде, қоздырғыштың ену қақпасында қолмен ұстап қарағанда ыстық, тығыз, ауырсыну байқалатын карбункул және ісік пайда болады. Карбункулде айналасында ұсақ көпіршіктері бар қара түсті ноқат (струп) қалыптасады. Ноқаттан және көпіршіктерден құрамында түйнеменің қоздырғышы бар қан аралас сұйықтық бөлінеді. Сепсистік формасына қарағанда, терілік формасы жеңіл өтеді және сауығумен аяқталуы мүмкін. Бірақ сырт көзге сау жануарлар кенеттен құлаған жағдайлар да болған.
Адамның ауруға шалдығуы көбіне аурумен немесе өлген малмен жанасқанда, күтім жасағанда, сойғанда, терісін алғанда, көмгенде болады. Сонымен қатар ауру малдан алынған азық-түліктен жұқтыруы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі адамдарда бірнеше сағаттан 8 күнге дейін созылады, көбіне қоздырғыштың теріге ену қақпасында кішкентай дақ пайда болғаннан кейін 2-3 күн. Аз ғана уақыттан кейін дақ безеуге, содан кейін бұлдыр қан аралас сұйықтығы бар көпіршікке айналады. Көпіршік жарылып, сұйықтық ағып кетеді, орнында қара қабықшамен – ноқатпен қапталған жара пайда болады. Осы сібір жарасының карбункулы болып табылады. Ауру жоғары температурамен, жалпы әлсіздікпен жүреді.
Қалыпты іріңдеуге қарағанда түйнемелік іріңдеу ауырсынусыз, айналасындағы тері қабынбаған, ноқат қара түсті болғандықтан халық түйнемелік карбункулды "көмірлік" деп атаған. Егер ем уақытында басталса, ауру тез сауығады. Түйнеменің терілік түрінің басты қаупі, жалпы қанның зақымдалуы – сепсиспен асқынуы мүмкін. Бұл әдетте карбункулды қасығанда, ноқатты сыдырғанда болады. Асқынуды болдырмас үшін науқас өзі емделмей, тез дәрігерге қаралуы керек.
Түйнеменің алдын алудың басты бағыты - ауыл шаруашылық жануарларын иммунизациялау. Үйде жеке мал болса, әр малды түйнемеге қарсы егу керек. Егер сіз жануарлардан аурудың белгілерін байқасаңыз, дереу үйге ветеринар шақырыңыз. Малды сою ветеринар қарап, жануардың денсаулығы туралы анықтама бергеннен кейін жүргізілу керек. Мал еті ветеринардан алдын ала тексеріліп, анықтама бергеннен кейін тек базарларда сатылуы керек. Азық дайындау үшін ауыл шаруашылық малдарының етін тек қаланың базарларынан алу керек.
Аурушаңдықтың клиникалық белгілері.
Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң, қызылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диаметрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады. Бөртпе қышып шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан адам оны қасып, бетін жаралап тастайды. Іріңді бөртпенің орнына беті ашылған өлі етті қабыршақ пайда болады. Дәл осы қабыршақ сібір жарасының негізгі белгісі, дерттің атауы да осы қара даққа («anthrax»-«углевик») байланысты шыққан.
Қабыршақ қатты, тығыз, күйдірілген сияқты болады. Оның айналасын қызыл түсті жиек қоршайды. Алғашында қабыршақ көлемі үлкен емес, диаметрі 2-3 мм. құраса, бірте-бірте оның мөлшері ұлғайып, оның шығыңқы бөлігі тері деңгейінен төмен түсіп, түсі қап-қара болып, тығызданады (тығыздылығын иленген терімен салыстыруға болады).Сібір жарасын сипаттауға болатын белгілерге орталық қабыршақтың маңайына аурудың алғашқы күндері екінші қайтара сулы бөртпелердің шығуын жатқызады. Тері  жамылғысы өзгеруінің алғашқы сағаттарында дертке шалдыққан адам әлсіреп, селқос болып, басы ауырады; алғашқы тәулік өткен соң немесе 2-ші күні дене қызуы 39-40 градусқа көтеріліп, халі нашарлайды. Мұндай температура 5-6 күн бойы сақталып, күрт төмендейді.
 
Емдеу. 
Қазіргі таңда сібір жарасын емдеуге арналған күшті дәрі-дәрмектер (гамма-глобулин және антибиотиктер) бар, алайда тек қана дер кезінде жасалған медициналық көмек сауығып кетуге кепілдік береді. Сондықтан аурушаңдықтың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, жақын орналасқан емдеу-алдын алу мекемелеріне барып, медициналық көмекке жүгіну қажет.  Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен жазылып кетуге болады.
Алдын       алу   шаралары. 
Адамдар мен жануарлар арасында сібір жарасының алдын алу шарасы -  жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Дертке қарсы вакцина қолайсыз пунктердегі ауруды тез қабылдағыш әлсіз жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері, жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі. 
Егілген жануарларды бақылауға алған уақыт ішінде басқа шаруашылықтарға ауыстыруға немесе егілгеннен кейін 14 күн ішінде союға болмайды.
Адам ағзасының сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады.  Егілген адамдар жұмысқа 2 аптадан соң ғана жіберіледі және жыл сайын екпе алып отырулары қажет.
Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануардың  барлығын қамтуға тырысқан жөн. Бүгінде егу жұмыстары жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін жүргізіледі. Сібір жарасына қарсы вакцина егілгеннен кейін 10 күн ішінде жануар өліп қалса, оның терісін сыдыруға болмайды.
Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда болатынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып мал көметін жерлерге өртеу үшін апару қажет.  
Құрметті шаруашылық иелері, ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес, мал ауырған немесе өлген әрбір жағдайды шұғыл арада ветеринарға хабарлауыңыз керек. Егер жануар аурудан өліп қалса, ветеринар келгенше өздігіңізден оны союға кіріспеңіз. Ауру малды жасырын сойып, етін, терісін, жүнін және тағы да басқа өнімдерін саудалау - адамдар мен жануарлардың дертке шалдығуына әкеледі. Бұған кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
 
Есте сақтаңыз! Ет және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді арнайы мал дәрігерінің бақылауынан өтпеген, сатуға рұқсат құжаттары жоқ жеке тұлғалардан алуға тыйым салынады.  
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться