Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
12 шілде күні «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығының конференц-залында «Лаңкестікке қарсы іс-шараларды жүргізу» тақырыбында семинар өтті
18.07.2016

Директор Есдаулетов Т.Т. әр медицина қызметкерінің «Лаңкестік актінің іске асырылу қаупі кезінде өзін ұстау және әрекет ету ережесін, тәртібін» білу қажеттілігі туралы сөз сөйледі. Және төмендегі мәселелерді айтып кетті:
  1. Қолдан жасалған жарғыш құрал болуы мүмкін күдікті затты тапқан кезде: бұл фактіні назарсыз қалдырмаңыздар!
А) қоғамдық көлікте:
Жақын тұрған адамдардан сұрастырыңыздар, заттың (дорбаның және т.б.) кімнің меншігі екенін анықтауға тырысып көріңіздер. Егер иегері айқындалмаса, табылған зат туралы жүргізушіге (машинистке және т.б.) дереу хабарлаңыздар.
Ә) өз үйінің кіреберісінде:
Көршілеріңізден сұрастырыңыздар, мүмкін бұл олардың заты. Егер иегері анықталмаса, табылған зат туралы милиция бөліміне дереу хабарлаңыздар.
Б) мекемеде:
Табылған зат туралы мекеме басшысына дереу хабарлаңыздар.
 
Төтенше жағдайлар кезінде әрекет етудің психологиялық кеңестері
Төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге өзіңізді дайындау үшін өзіңізді, өз сезімдеріңізді, ойларыңызды және әсерлеріңізді басқаруды үйрену қажет.
Қажет:
Аман қалуға нұсқаманы дамыту, яғни, салмақты және мақсатты әрекеттерге әзірлік.
Өз қылықтарыңыз бен әрекеттеріңізді, қателер мен ағаттықтарыңызды талдау, оларды болашақта қайталамау үшін.
Өз ерік сапаларыңызды (сенімділік, табандылық, мақсатқа бағытталушылық, қиыншылықтарға қарсы тұру және оларды жеңіп шығу іскерлігі) дамыту және нығайту.  
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться