«Демеу» оқу-тәжірибелік орталығының конференц-залында 9 шілде күні «Мейіргерлер қызметіндегі МСАК заманауи әлеуметтік бағдарланған үлгісі» тақырыбында тренинг-семинар өтті. Іс-шараға біздің ұйымымыздың мейіргерлері келді.
Бірінші болып сөз айтқан – әлеуметтік ғылымдар магистрі, «Демеу» орталығының аға мейіргері Таушева Г.А.. Ол МСАК-тағы заманауи мейіргерлік тәжірибесін ұсынып, әлеуметтік бағдарланған тәсілдеме, оның тәлімгерлік рөлі туралы айтып берді:
- Ойлаудың жаңа деңгейі және кәсіби құзырет мейіргердің заманауи үлгісін құруға жағдай жасайды, бұл өз кезегінде қоғам мен уақыттың жаңа талаптарына сәйкес келеді.
Келесі болып баяндамамен шыққан шыққан сау бала кабинетінің мейіргері Бирюченко Н.Л., ол Шымкент қаласындағы патронаждық жүйенінің енгізілу тәжірибесімен бөлісті және біздің Орталығымыздың негізінде патронаждық мейіргерлік қызмет көрсетудің әмбебап-үдемелі үлгісін енгізуді ұсынды. Жақын арада «Демеу» орталығының 4 мейіргері: Бәкенова Б.Қ., Бейсенбекова Ә.Б., Бирюченко Н.Л. және патронаждық мейіргер Қабдошева Ж.Д. Шымкент қаласына келіп кеткен, ол жақта БЖАЫЖ (бала жастағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу) жөніндегі ресурстық орталығын көрді, онда жас аналарды ерте жастағы балалар үшін тамақ әзірлеуге үйретеді, сондай-ақ науқас балаларға күтім жасауға дағдыландырады. Мысалы, ішөтпе, жоғары дене қызуы, құрысқақ және қауіптің басқа да жалпы белгілері кезінде алғашқы көмек көрсету. Наталья Леонидовна WhatsApp-та топ құруды ұсынды, бұл арқылы аналарды үйретуге және ұсыныстар беруге мүмкін болады. әлеуметтік қызмет үйлестірушісі Құмарова Г.Х. Әлеуметтік қызметтің МСАК-тағы қызметін және міндетін (есірткіқұмарлық, тұрмыстық зорлық, адам (бала) құқықтарын кемсітудің жоғары тәуекелдерін айқындау кезінде халықпен жұмыс жасау) тағы да көрсетіп жіберді. Директордың емдеу-алдын алу ісі жөніндегі орынбасары Р.А. Абзалова тренинг-семинар қорытынды жасап, жаңа технологияларды құру және мейіргерлік тәжірибеге енгізу мүмкіндігін ерекшеледі.