Сыни ойлаудың маңыздылығы туралы атап айтылды. Сыни ойлау – жеке кәсіби біліктілік, ең тиімді шешімдердің жүзеге асырылуы және зерттелуі, толассыз тексерістер, медициналық манипуляция мен тағайындаулардың есебінен негіз алатын, мақсаттылығымен және логикалығымен ерекшеленетін және емделушінің жағдайын бағалау мен жеке талдау туындысы болып табылатын пайымдау жүйесі. Сыни ойлау қабілеті бар дәрігер мен медбикені қалай даярлауға болады? Дәрігер мен медбике кәсібімен таныстыру мақсатында мектептерде кәсіптік бағдарлауды жүргізу;
- дәрігерлік емдеу және медбикелік іс саласында тәжірибесі мол сарапшы дәрігер мен медбикелерді кәсіби дайындау;
- оқытудың жаңа технологиялары негізінде ойлау қабілетін дамыту тәжірибесіне ерекше мән беріп медициналық ЖОО және колледждерде даярлық жасау;
- медбикелік тәжірибесінің заманауи жағына қарай медбикелерді және дәрігерлерді кәсіби дайындау бағдарламаларын қайта дайындау: жеке жұмыс жасау белсенділігін және күрделі жағдайларды шешу әдістерін үйрену;
- тәлімгерлерге материалдық және моральдік тұрғыдан көмек көрсету тәжірибесі негізінде тиімді жетекшілік ету;
- дәрігерлік емдеу, медбикелік іс қызметіндегі дербестік және топта жұмыс жасау қабілеті;
- дәрігерлер мен медбикелердің жаңа дағдыларды үйрену және ескісін өзекті ету мақсатында үздіксіз кәсіби оқу қабілеттілігін дамыту. Бұл өзін-өзі оқытатын ұйымдарда мүмкін;
- қоғамды сауықтырдағы құндылығын және жеке ролін түсіну үщін жеке тұлғалық қаситтерді дамыту. Бұл корпоративтік мәдениеті жоғары деңгейдегі ұйымдарда мүмкін;
- бапкер-медбике, жетекші-медбике, тәлімгер-медбике, ғылыми дәрежесі бар медбике, менеджер-медбике, салауатты өмір бойынша кеңесші-медбике, супервизер-медбикені дайындау.
Тренинг-семинарды Генри Фордтың сөздерімен қортындылады «Бірге жиналу - бұл бастама. Бірге қалу – бұл алға басу. Жаңа тәсілдер мен жаңаша ойлау арқылы жұмыс жасау – бұл табыс».