Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
«Демеу» орталығында вирустық гепатитке қарсы күнге орайластырылған айлық өтті
29.08.2016
Алдын-алу бөлімі мамандарымен медициналық қызметкерлерге арналған тренингтер өткізілді, тұрғындар үшін оқыту семинарлары және ашық есік күндері ұйымдастырылды, онда тұрғындар эпидемиолог дәрігерден және вирустық гепатит бойынша  алдын алу,  диагностика,  емдеу мәселелері және  жұқпалы аурулар бойынша медициналық мейіргерден тегін кеңес алды.
Іс шараның мақсаты - вирустық гепатит және онымен байланысты ауруларға қарсы күрес, скрининг және алдын алуын күшейту мәселелеріне қоғам назарын аудару болып табылады.
 Вирустық гепатит -  бұл A, B, C, D және E гепатиті  сияқты танымал, жұқпалы аурулардың тобы, одан әлем бойынша жүздеген миллион адамдар зардап шегеді. Ол өткір және созылмалы бауыр ауруын тудырады және жылына шамамен 1,4 млн.  өлім жағдайларына  әкеліп соқтырады, незінде В және С гепатит салдарынан.
А және Е гепатиттерінің себебі ластанған су немесе тағам өнімдерін қолдану болып табылады. В, С және D гепатиттері инфекцияланған ағза сұйықтықтарымен байланысқа түсу салдарынан туындайды. Таралудың ең танымал тәсіліне қан және қан өнімдерінің зарарлануы, ластанған жабдықтарды қолдану арқылы инвазивтік медициналық процедуралардың жасалуы кіреді. В гепатиті сексуалды байланыс кезінде, босанғанда анадан балаға және отбасы мүшелерінен балаға беріледі
 
Кең таралуына, симптомсіз ағыны мен аурудың жағымсыз нәтижесіне байланысты, сонымен қатар науқасты емдеу мен  диагностикадағы қиындықтарына байланысты, қазіргі таңда өз денсаулығына деген жауапкершілік пен алдын алу шаралары  маңызды рөл атқарады. 
Жеке қорғаныш шараларын ұстанудың да едәуір маңызы бар. Бұл: қауіпсіз тағам өнімдерің және суды пайдалану; инъекцияға арналған бір реттік шприц пен ине қолдану; тұрақты түрде мүшеқап пайдалану арқылы қауіпсіз жыныстық қылық тәжірибесі; косметикалық процедураларды (пирсинг, тату жасау және т.б.) лицензиясы бар арнайы мекемелерде жасау, Екпе егу ұлттық күнтізбесіне сәйкес, вирустық гепатитке қарсы балаларға вакцинация жасау.
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться