2016 жылғы 2 қыркүйек күні "Демеу" оқу-тәжірибелік орталығына Финляндиядан сарапшылар келді: ЖШҚ "Иску Интерьер СП" бас директоры Natalia Salonen, медициналық қызмет директоры Kimmo Kuosmanen, Лахти қаласындағы қолданбалы ғылым университетінің медициналық кызмет кандидаты Leena Liimatainen, аға кеңесші Hannele Tiittanen, Басқарманың төрағасы мен Лахти қаласының қолданбалы ғылымдар университетінің директоры Kari Salmi және Pertti Malkki, денсаулық өнімдерін бойынша маркетинг менеджері Anne Laitinen, медицина ғылымының кандидаты қолданбалы ғылымдар университетінің(Жамк) аға кеңесшісі Johanna Heikkila, орталық госпиталь қызметкері Vuha Paloneja және кеңестің төрағасы, университет парламент мүшесі (Vamk) Aila Paloniemi.
Біздің медициналық ұйымда болу барысында сарапшылар отбасылық дәрігер және мейіргерлер, әлеуметтік жұмыскерлер мен психологтардың жұмысымен танысты. Жоғары дәрежелі қонақтардың бірінші болған кабинеті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету профилактикалық қызмет бөлімшесі болды. Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің жетекшісі Құрманова Г. Х. әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар рөлі туралы айтып берді, патронажды мейіргерлік кабинетін көрсетті, отбасынасы қолдау орталығын, сырттай бақылау орталығын, СӨСҚ мамандар және қарау кабинеттерін назарға ұсынды, мұнда әрбір қызметкері өзінің кәсіптік қызметімен бөлісті. Халықаралық сарапшылар отбасылық дәрігер және мейіргерлер кабинеттерінде болып, мұнда сарапшылар қызметкерлермен тілдесіп, оларды мұқият тыңдады. Сау нәресте кабинетінің мейіргері Бирбченок Н.Л босануға дайындық кабинетінің жұмыстары туралы харат етті. Ол кез келген уақытта жүкті әйел жүгіне алатындай, болашақ аналармен What’sApp бағдарламасының көмегімен өзара байланыс оңайлатты. Реабилитолоя және физиотерапияны бөлімдерін айналып өткен жоқ. Мұнда дәрігер -реабилитолог Жандаев Ж.К. қандайда бір сырқат кесізде қажетті дене жаттығулары туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп беріп, нұсқамалық өткізді. Қазіргі таңда реабилитология бөлімі әртүрлі бұлшық еттерге салмақ түсіретін көртеген спорттық жабдықтармен жабдықталған. Келесі Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) өкілдерінің назарына күнзідгі стационар,акушер-гинекологиялық бөлім, біздің жергілікті кафетерий, жедел жәрдем көрсету кабинеті, тіркеу бөлімі, зерттеу бөлімі, әлеуметтік терапия кабинеті, мұнда қонақтар жас шеберлердің үстінен түсті. Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетуде әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар жұмысында жаңа әлеуметтік-психологиялық әдістерін қолдануына және халықпен атқарылатын жұмыстар Финлядиядан келген сарапшыларды қайран қалады. Олар бізді өзіміздің тәжірибемізбен бөлісуге Финляндияға шакырды.