Қарттар күні мерекесі алдында «Демеу» отбасылық медициналық орталығына бекітілген егде жастағы тұрғындарға назар аудару мақсатында Еуразия гуманитарлық институт психология және педагогика кафедрасының студенттерімен бірлесе әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету мамандары «Жүректен жүрекке» жобасы жүргізді. Аталмыш мерекеге дайындық барысында 11 ерікті – студент өз қолдарымен сыйлықтар әзірледі. 28 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін Құрмет жасындағы тұрғындарды дайындалған сый-сыяпатпен үй-үйлеріне барып құттықтау жоспарлануда.
Мереке тарихынан.
Халықаралық қарттар күні ХХ ғасырдан бастау алған. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылы желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні етіп бекітті. Бұл күні қарттардың құқығын қорғау мақсатында конференциялар, басқа да қайырымдылық шаралары өткізіледі. Қарт адамдар санаттын белгілеу терминологиясын пайдалану әр елдің заңнамасында және халықаралық құжаттарда ерекшеленеді. БҰҰ статистикалық қызметтерінің нормаларына сәйкес бұл терминмен 60 жас және одан үлкен жастағы адамдарды қамтиды. Еуропалық Одақтың қызмет статистикасы бойынша қарт адам 65 жас және одан үлкен жастағы адамдар, өйткені 65 жас зейнеткерлікке шығу жасының ең көп таралған болып есептеледі.