Сенбілік таң "Демеу" орталығының ұжымына өте жағымды басталды: жақсы ауа райы, шуақты күн және қолда күрек немесе сыпыртқы. Бұған себеп болған 24 қыркүйек Астана қаласында өткен қалалық сенбілік. "Демеу" орталығының медициналық қызметкерлері бұл шарада белсенді ат салысты. Абылай хан 1 және Тәуелсіздік 11/2 көшелеріндегі екі ғимарат алаңында "демеуліктер" отбасылық орталыққа қарасты алаңды жинады, қоршаулар мен ернеулерді ақтап – бояды, ғимарат ішінде өздерінің жұмыс бөлмелерінің есік-терезелерін жуды. Айта кететін жайт әкімшілік, санитар, әлеуметтік жұмыскерлер мен психологтар, техникалық және медицина қызметкерлердің бәрі тең жұмыс істеді. Сенбілікке қатысышулардың бірі құрғақ жапырақтарды жинағанда, екіншілері қурап қалған ағаштарды жонды ... , ал үшінші біреулер қоқысты қапшыққа жинап, арнайы орындарға апарып отырды.
Сонымен қатар "Колос" сауда орталығының алаңына қарасты аумақты жинастыруға "Демеу" орталығының 15 медициналық қызметкерлері тартылды. Мұнда да қаламызды одан әрі көріктендіруге қолдан келетіндей үлес келтерілді.