Тұмау негізінен тамақ, мұрын, бронх, кейде өкпені зақымдайтын вирустық инфекция болып табылады. Әдетте ауру бір аптаға жуық созылады.
Оның белгілері дене қызуының күрт көтерілуімен, бұлшық ет және бас ауруымен, күшті дімкәстікпен, еріксіз жөтелмен, тамақ ауруы және ринитпен сипаталады.
Вирус адамнан адамға оңай, жұқтырған адамнан жөтел немесе түшкірген кезде, өте ұсақ бөлшектер бөлінуі арқылы ауа-тамшы жолымен беріледі. Тұмау жылдам тарау үрдісі бар және ол маусымдық эпидемия жалғасады.
Ауруды жұқтырған адам көп бөлігі бір-екі апта ішінде ешқандай емсіз жазылып кетеді. Алайда, балалар, қарт адамдар және ауыр дертке шалдыққан адамдар үшін тұмау қауіп туғызады - ол негізгі аурулардың асқынуына әкеп соқтыруы мүмкін, пневмонияның жетілуіне және өлімге.
Тұмаудың айрықша алдын-алу – вакциналау. Вакцинация халықтың барлық топтары ұсынылады.
Вакциналау тұмаудың өте қауіпті асқынуларының дамуы жоғары қауіпі бар топ адамдарына, сонымен қатар асқынулардың дамуына жоғары қауіпі бар адамдармен тұратын немесе оларға қарайтын адамдарға өте маңызды.
ДДСҰ келесі көрсетілген топ тұрғындарына жыл сайын вакцинациялау жүргізуді ұсынады:
- кез келген сатыдағы жүкті әйелдер;
- 6 айдан 5жасқа дейінгі балалар;
- 65 жас және одан үлкен жастағы қарттар;
- созылмалы аурулары бар адамдар;
- денсаулық сақтау қызметкерлері.