Іс-шара Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында өтті. Мектептің жоғарғы сыныбына темекі, алкоголь және есірткінің зияны туралы айтылды. Зиянды әдеттердің денсаулыққа, атап айтқанда репродуктивті жүйеге әсері туралы мысалдар келтірді.
Сондай-ақ, гинеколог дәрісте жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, қажетсіз жүктіліктің алдын алу тақырыптарын қозғады. Контрацепция әдістері туралы мәселені бөлек атап өтті.
Шара аяқталғаннан кейін дәрігерлер сұрақтарына жауап берді.