Ағартушы ұстаз – Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліпбиінің алғашқы авторы.
Ол «Тіл - құрал», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен түрлі хрестоматияларды жазған.
1921 Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ беріп, 1928 Алматыда Қазақ мемлекеттік педадгогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнында профессор қызметін атқарған. Оның атымен аталған Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалған. Кезінде қазақ халқын сауатсыздықтан арылтқан «Жаңа емле» төте жазуын бүгінде Қытай, Ауғанстан, Иран елдерінде тұратын қазақ қандастарымыз әлі күнге дейін пайдаланады екен.