Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) мыналар кіреді:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) амбулаториялық-емханалық көмек, ол:
медициналық-санитариялық алғашқы көмекті;
консультациялық-диагностикалық көмекті қамтиды;
3) стационарлық медициналық көмек;
4) стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.
Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен 5 президенттік реформаны іске асыру үшін 100 нақты қадам белгіленді.
80 –ші қадам: «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады».
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды –әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры активтерінің есебінен тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені және бір жақтан халықтың барлық топтары әділ және бірдей медициналық көмекке қол жеткізуіне, келесі жақтан, өзара нарықтық дамыту қарым-қатынастасының есебінен медицинада жаңа технологияларды енгізуді ынталандыру, экономикалық және ұйымдастырылған тиімді механизмдер саласында қаражатты бөлуді қамтамасыз ету болып табылады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды туралы» 2016 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңындағы 2 тармақ 10- тармақшасына сәйкес (1 наурыз 2016 жылы қолданысқа енгізілді) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің өзгерту жолымен, мемлекет бекітілген капиталына жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" акционерлік қоғам құруды бекітті. Қазақстан Үкіметі Қордың құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылады.
Әлеуметтік медициналық сақтау Қоры 2016 жылдың ортасында құрылады. Жұмыс берушілерден аударымдар 2017 жылдың 1 қаңтарынан, қордан қаржыландыру – 2017 жылдың 1 шілдесінен басталады. Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін еңгізу бастапқы халықаралық озық тәжірибені ескеріп және мемлекеттің,жұмыс беруші және әрбір адамның ортақ жауапкершілігін негіздей отырып әзірленді. Бұл ретте мемлекет экономикалық тұрғыдан енжар халық үшін жарналарды жүзеге асыратын болады. Жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілер. Қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – өздері үшін. Қажетті көлемдегі жарналарындың түсу мәселелері салық органдарының құзыретіне.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына жарналар төлеуден 15 санаттағы азаматтар босатылады, оның ішінде 12- халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы,сонымен қатар әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына мыналар жатады:
- дети
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Батыр ана» атағын алған, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар.
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
- Мүгедектер;
- жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
- интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің резидентура нысанында білім алатын адамдар;
- 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі, бала тууына, жаңа туылған нәрестені асырап алуға байланысты демалыста жүрген тұлғалар;
- жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ 3 жасқа толғанға дейінгі жұмыс істемейтін бала тәрбиелеуші адамдар;
- зейнеткерлер;
- сот үкімі бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші адамдар, төменгі қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мекемелерін қоспағанда ;
- уақытша ұстау изоляторларында және тергеу изоляторында ұсталатын адамдар.
Халықты МӘМС еңгізгенде берілетін медицина қызмет пакеті:
- Негізгі пакет- мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемін және республикалық бюджет есебінен қаржыландыруды қамтиды(ККБМК). Бұл жалпыға бірдей декларациялауды еңгізгенге дейін өнімсіз өз бетімен жұмыспен айналысушы адамдарға жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация, әлеуметтік мәні бар аурулар мен шұыл жағдайлардағы медициналық көмек, профилактикалық егулер, амбулаторлы-емханалық көмек көрсету. Ол Қазақстан Республикасы барлық азаматтарына және оралмандар үшін қол жетімді болады.
• МӘМС шеңберінде қосымша пакеті — МӘМС Қорына мемлекеттен, жұмыс беруші және жұмысшылардың міндетті сақтандыру жарналарынан есебінен қаржыландырылатын ТМККК қамтитын медициналық көмектің көлемін тыс.
Мұнда амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық және стационар алмастырушы көмек, жоғары технологиялық көмек кіреді. Мұны МӘМС қатысушылары болып табылатын тұлғалар алады, оның ішінде шетелдіктер мен Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар.
• ЕМС пакетінен азаматтардың немесе жұмыс берушілер ерікті медициналық сақтандыру қорларына (ЕМСҚ) ерікті сақтандыру жарналарының есебінен қаржыландырылатын медициналық қызметтердің жеке пакеті көздейтін болады.
Күтілетін нәтиже
Жалпы
- 2030 жылға дейін Денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың жалпы көлемін азаматтардың және жұмыс берушілердің қатысуының есебінен ЖІӨ 3.8% дейін ұлғайту (МӘМС шығындары және барлық мемлекеттік шығындар, жеке тұлғалар мен ЕМС шығындарды есептемегенде)
- Медициналық ұйымдардың қаржы индикаторларының қызметі жақсарады;
- 2030 жылға дейін халыққа медициналық көмекті көсету БМСК қаржыландыру көлемінің үлесін 46%(2014жыл)-дан 66%-ға дейін көтерілнді және ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес болады.
- Халық денсаулығының медициналық- демографиялық көрсеткіштері жақсарады.
- Халық көрсетілген қызметтердің сапасына қанағаттанушылығы артады.
- науқастардың шетелге емделуге шығуы азаяды, шетелдік азаматтардың саны артады.
Халыққа үшін
- сапалы медициналық көмектің қол жетімділігі
- халықтың талаптарына жауап бере алатын денсаулық сақтау жүйесі
- өмір сүру ұзақтығын ұлғайяды, денсаулық жақсарады.
- амбулатория-дәрілік қамтамасыз ету кеңейеді
- денсаулық сақтаута бейресми төлемдердің деңгейінің төмендеуі
Мемлекет үшін
- Медициналық көмекті әмбебап / жалпыға қамту
- азаматтардың ортақ жауапкершідігі
- тұтыну көлемін теңдестіруге мүмкіндік беретін қаржылай орнықты денсаулық сақтау жүйесі
- Нарықтық денсаулық сақтау механизмдерін жетілдіру
- Жеке денсаулық сақтау және денсаулық сақтау индустриясын дамыту үшін ынталандыру (қосымша жұмыс орындары мен технологиялар)
- Қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру
- ресурстарды пайдалану жөніндегі қоғам алдында есеп берушілік
Жеткізушілер үшін
- Қызметінің тиімділігін сәйкес қаржыландыруды тұрақтылығы
- корпоративтік басқару және менеджменттің жаңа әдістерін енгізуге стимуляция
- Еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру: бәсекеге қабілетті жалақы алу мүмкіндігі
- Жаңа медициналық технологияларды енгізу. Соңғы нәтижеге бейімделу.
- Негізгі құралдарды уақтылы жаңарту;
- Ақпараттық технологияларды дамыту