Бұл күн тұрғындарды психологиялық денсаулық мәселелері және оны нығайту тәсілдері, сонымен қатар психикалық ауытқулардың алдын алу және емдеуге қатысты ақпараттандыруды жоғарлату мақсатында Дүниежүзілік психологиялық денсаулық федерациясының бастамасымен 1992 жылдан бастап аталып өтіледі.
БМСК деңгейінде психикалық денсаулық туралы көп айтуға болады.
Психикалық денсаулық - бұл тек қана рухани емес, сондай-ақ жеке бас денсаулығы. Бұл жан саулығы жеке бас саулығымен үйлескен кездегі жағдай, адамда барлығы жарық және үйлесімді, алайда ол жеке бас даму жағдайы мен осындай дамуларға дайын. Психологиялық денсаулық тұлғаны жалпы сипаттайды, эмоционалды, уәждемелік, танымдық және еріктік сфераларына қатысы бар, сонымен бірге адамның рухының пайда болуына.
«Демеу» Орталық негізінде әлеуметтік - психологиялық қызмет мамандары медицина қызметкерлерімен біріге осы мақсатта тұрғындармен жеке және топпен жұмыс: кеңес беру, баланың дамуы бойынша болашақ аналармен, ересек тұрғындармен оларға өзекті денсаулық мәселелері туралы, егде жастағы тұлғалармен олардың белсенділігі мен өз-өзіне тиімділігін арттыру мәселесі бойынша әлеуметтік - психологиялық тренингтер жүргізіледі.
Бұл жерде ең маңыздысы: күйзелісті жеңуді үйрету, атап айтқанда: бірінші кезекте, бұл дене жаттығулары. Жаттығулар мен физикалық белсенділік ширыққан бұлшық еттерге жеңілдік әкеледі.
Сонымен қатар физикалық жаттығулар эндорфиндердің бөлінуіне әкеледі. Эндорфиндер – бұл адамда жағымды сезімдерді тудыратын және күйзелістің организмге әсерін басатын нейромедиаторлар. Бұдан басқа, олар көңіл-күйді көтеруге және өзіңді жақсы сезінегу көмектеседі.
Йога, жүру, би және жүрек қағысын жиілететін спорт түрлері жақсы нұсқа болуы мүмкін
Екінші, бұл дұрыс тамақтану. Дұрыс диета және тамақтануда жағымды әдеттер де күйзелесті төмендетуі мүмкін..
Соңғысы, бұл ұйқының қануы. Ұйқы – бұл сіздің ағзаңыздың қалпына келетін және күні бойына тап болған күзелісті өңдеу уақыты. Бұл уақытта сіздің миыңыз тынығады. Ұйқы сонымен бірге ауыр күннен кейін дене мен ширыққан бұлшық еттерге босаңсуға мүмкіндік туғызады.