«Демеу» Орталығының үлкен конференц - залында сыбайлас жемқорлықтың ықпал етуі, кез-кезген сыбайлас жемқорлықтық көрінісіне шыдамдылық танытпау мәселелері талқыланды, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын шаралар туралы ақпараттандыру туралы әңгіме өтті. «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалының инспекторы атап айтқандай «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында 2015-2025 ж.ж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағдарламасы қабылданды, бұл орайда «Нұр Отан» партиясы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстың авангарды болып табылады. Ол (партия) өзі заңнаманы дәл қолдану мен партияның ішкі құжаттары мен тәртібін сақтау эталоны болуы тиіс. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру кезінде, медицина қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық құқықтық бұзушылыққа жол берген ұйым басшысын жедел ұстап алу ақпараттық видеоролигі көрсетілді.
Ізінше «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ» ҚБ Астана қаласындағы филиалының төрағасы Тәжібай Бақытжан Арынұлы медицина ұйымдарына Кәсіподақ мүшесіне кірудің артықшылығы туралы айтып берді. Кәсіподақ қатарына кіріп, қызметкерлері заң, әдістемелік, ұйымдастырушылық көмекке және ынтымақтастыққа, біздің мемлекеттегі ауқатты қоғамдық ұйымдастыру тәжірибелік әрекетіне сене алады – деп Б. Тәжібай қорытындылады.