Әр біріміздің өміріміз қиын және алуан, түрлі қуанышты да, қайғылы жағдайларға өте бай. Денсаулығымызбен, жақын туған-туыстарымызбен барлығы жақсы болғанда біз болашаққа сеніммен қараймыз. Алайда мемлекеттің өмірінде секілді, әр біріміздің өмірімізде іркілістер болуы мүмкін. Мемлекетте – бұл экономикалық немесе саяси дағдарыстар, ал біздің өмірімізде – бұл жұмыссыз қалу, еңбекке жарамдылықтан қалу, асыраушысынан айырылу, ол дегеніміз, отбасы кірісін жоғалту. Осы кезде біз мемлекеттің көмегіне жүгінеміз және ол бізге көмектен бас тартпайды.
Қазақстандағы әлеуметтік қорғау бірнеше деңгейден тұрады, оның ішінде негізгі әлеуметтік қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік көмек үйлестірілген.
Негізгі мемлекеттік әлеуметтік қорғау азаматтардың жұмыс істейтініне немесе істемейтініне қарамастан бүкіл халықты қамтиды. Бұл деңгей тұтас алғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 бап 1 тармағында қарастырылған талаптар мен әлеуметтік кепілді жүзеге асырады, бұған сәйкес әрбір Қазақстан Республикасының азаматына жасына қарай әлеуметтік қамсыздандыру, сырқаттану жағдайында, мүгедектік, асыраушысынан айырылу және басқада заңды негіздер бойынша ең төменгі мөлшерде еңбекақы және зейнетақы кепіл етіледі.
Негізгі төлемақы көлемі барлық алушылар үшін әрдайым бірдей және олардың еңбекақысына тәуелді емес (әлеуметтік атаулы көмек, балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы және т.б.).
Әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі жұмыс істейтін халықты қамтиды және жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен міндетті әлеуметтік сақтандыруды ұсынады. Әлеуметтік төлемдер көлемі сақтандырылған табысқа және жүйеде қатысу өтіліміне тәуелді.
Ерікті деңгей – бұл ерікті негізде қаржыландырылатын кез-келген төлем түрлері. Мысалы, ерікті зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлемдері, өмірді сақтандыру бойынша компания төлемдері мен ерікті жинақ.
Әлеуметтік қорғаудың екінші және үшінші деңгейі Конституцияның 28 бап 2 тармақ ережесін іске асырады, осыған сәйкес ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамтамасыз ету қосымша формалары құру және қайырымдылық мадақталады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстанға 2005 жылдың 1 қаңтарында енгізілді және еңбекке жарамсыздылықты жоғалту және (немесе) жұмыстан айырылу, сондай-ақ асыраушыдан айырылу, жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бір жасқа келгенше бала күтіміне байланысты кірістің жоғалуына байланысты кіріс бөлігінің орны толтырылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қаржылық ресурстардың құрылуының көзі әлеуметтік аударымдар болып табылады. Бұл өздерінің жұмыскерлері үшін Мемлекттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін жұмыс берушілер мен дербес әрекет ететін тұлғаларға өзі үшін төлейтін міндетті төлемдер. Әлеуметтік аударымдарды төлеу Қазақстан Республикасы азаматтына әлеуметтік аударым жүргізу құқығын береді, ал асыраушыдан айырылу жағдайында оның асырауында болған отбасы мүшелері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемақы алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының территориясында кіріс әкелетін қызмет ететін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар әлеуметтік төлем алуға құқығы бар.
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РҚМК-нан зейнетақы төлемдерін алушылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушы болып табылмайды.
Әлеуметтік аударым көлемі қызметкердің еңбекақысынан немесе дербес жұмыс істейтін тұлғаның (жеке кәсіпкерлер, адвокадтар, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) кірісінен 5 пайызды құрады.
Бірақ әлеуметтік аударымдар барлық кірістен төленбейді. Мысалы, әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарнасынан төленбейді. Әлеуметтік аударымды төмелейтін кіріс тізімі әлеуметтік аударымдарын есептеу және аудару Ережелерінде көрсетілген.
Әлеуметтік аударымдар ай сайын бір ең төмен жалақыдан кем емес және ең төмен жалақыдан он есе мөлшерден көп емес төленуі тиіс.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымды толық және уақытылы төлеуді мемлекеттік кіріс органдары қамтамасыз етеді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру келесі түрлерге бөлінеді:
1) еңбекке жарамдылықты жоғалту жағдайында;
2) асыраушысынан айырылу жағдайында;
3) жұмыстан ауырылу жағдайында;
4) жүктілік және босануға байланысты кірістен айырылу жағдайында;
5) жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірістен айырылу жағдайында;
6) баланың бір жасқа жету бойынша бала күтіміне байланысты кірістен айырылу жағдайында.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемақыны қалай алуға болады?
Бұл үшін алдымен өтініш білдірушінің мекенжайы(тұрғылықты тіркелген) бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бөліміне өтініш білдіру керек. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады, бірақ әлеуметтік төлемақының тек үш тұрі бойынша: еңбекке жарамдылықты жоғалту жағдайында; асыраушысынан айырылу жағдайында; жұмыстан ауырылу жағдайында.
Әлеуметтік төлемақы еңбекке жарамдылықты жоғалту жағдайында белгіленген еңбекке жарамдылықты жоғалту кезеңі бойына беріледі. Ол өтініш білдірушінің жұмысы тоқтатылғанына немесе жалғасып жатқанна қарамастан тағайындалады. Жалпы еңбекке жарамдылықты жоғалту деңгейі медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілу арқылы анықталады.
Егер отбасыда осыған дейін жұмыс істеген асыраушы қайтыс болған жағдайда және ол үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударулар төленсе, онда оның отбасы мүшелері асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлемақыға тағайындалуға және алуға құқығы бар. Мұндай құқық сотпен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланып танылған асыраушының отбасыда құқылы.
Егер сіз жұмыссыз қалсаңыз, алдымен сіз жұмыссыз ретінде тіркелуіңіз керек. Осыдан кейін сіз жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін жүгіне аласыз.
Бұл төлемақылар өтініш беруші үшін әлеуметтік аударулар төленген ұзақтығына байланысты бір айдан төрт айға дейін ай сайын беріледі.
Мемлекет ана болуды жоспарлап жатқан әйелдерге ерекше қамқорлық көрсетеді.
Ана мен баланы қолдауда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемақылар кең таралған түрі болып табылады және әлеуметтік төлемақы жалпы сомасында 93% аса орын алады.
Жұмыс істейтін әйелдер жүктілік пен босану бойынша уақыты еңбекке жарамсыздық парағын алғаннан кейін және жүктілік пен босану бойынша жұмыс орнынан демалыс рәсімделгеннен кейін жүктілік және босануға байланысты кірістен айырылу, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірістен айырылу жағдайында әлеуметтік төлемақы тағайындалады. Бұл төлемақы көлемі әлеуметтік аударымдар төленген ай сайынға кіріске, сонымен бірге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілген күндер санына байланысты. Төлем толық жүктілік пен босану бойынша демалыс кезеңіне төленеді.
Бала туылғаннан кейін және бала күтімі бойынша жұмыс орнынан демалыс рәсімделгеннен кейін әйелге баланың бір жасқа жету бойынша бала күтіміне байланысты кірістен айырылу жағдайында әлеуметтік төлемақы тағайындалады. Бұл төлем бала туу туралы куәлікте көрсетілген, туылған күннен бастап бір жасқа толған күнге дейін беріледі. Екі немесе одан да көп бала туылған жағдайда төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.
Қазіргі таңда Қазақстанда құрылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі табысты әрекет етуде және өзінің тіршілікке қабілеттілігін көрсетуде. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдар нақты бір әлеуметтік төлемдерге бағытталады. Мұндай мақсатты сипаты әлеуметтік тәуекел басталғанда шығындалған кірістің бір бөлігін мүлтіксіз, тоқтаусыз қайтаруға мүмкіндік береді.
Тек ресми жұмыс атқарғандар ғана мұндай қосымша қолдауға сүйене алады. Сөзсіз, шындықта бүгінгі таңда жұмыссыз қалуға мүмкін. Бірақ бұндай қиын шақтарда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлемақы тұрақты жүргізеді, бұл кезеңде басқа жаңа жұмыс табуға, жұмыспен қамту орталығында тегін оқуға немесе өз жұмысын ашуға мүмкіндік бар. Біздің мемлекет белсенді еңбекті өмірге ұмтылатындарға әрдайым көмек береді.