ДДСҰ өкілдерін қызықтыратын ең басты мәселе – бастапқы медициналық көмек көрсету жүйесі қалай ұйымдастырылғаны.
«Дмему» медициналық орталығында директордың емдеу – алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Р.А. Абзаловна медициналық орталықтың жұмыс істеу қағидаты туралы баяндады, көрсетілетін қызмет тізімімен таныстырды. ДДСҰ сарапшылары тіркеу бөлімі, зертхана, акушерлік - геникологиялық қызмет, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық қызмет, отбасылық дәрігерлер мен мейіргерлер кабинетінің, әйелдер мен ерлерді қарау кабинетінің, Физиотерапия бөлімінің, күндізгі стационар, статистика бөлімінің және т.б. танысты. Сонымен бірге ДДСҰ сарапшылары емханада қызмет ететін скининг істеу мамандары мен ана мен бала денсаулығы мектебінің жұмыстарымен танысты.
Әңгіме барысында Р.А. Абзалова қазіргі таңда «Демеу» орталығында 48 мыңға жуық бекітілген тұрғындарға қызмет көрсетілетінін және медициналық орталық азаматтарының қажеттіліктерін ескере отыра, соларға сәйкес тұрғындарға қажетті медициналық, әлеуметтік, психологиялық қызметті жоғарғы сапада көрсетуге тырысатынын айтып өтті.
ДДСҰ сарапшылары медициналық ұйымда көсетілетін медициналық қызмет жоғары деңгейін айрықша атап өтті.